Экс-министр Бишімбаевқа тағы бір айып тағылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қылмыстық кодекстің тағы бір бабы бойынша айып тағылды. Бұл туралы Vlast.kz хабарлады.

Қуандық Бишімбаев “Аса қатігездікпен кісі өлтіру” ісі бойынша тергеуге алынған болатын. Енді оған тағы бір айып тағылып отыр. Тергеушілер қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-тармағы “Қинау” бойынша қосымша іс қозғады. Оны Ішкі істер министрлігі де растады.

«Аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабы 15 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын, ал “Қинау” бабы төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Ал Салтанат Нүкенова қаза болған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол «Қылмысты жасырып қалу» бабы бойынша істі болып жатыр.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып, өлтіргені туралы хабар тарады.

Factcheck.kz