ДМҰ: 2024 жыл былтырдан да ыстық болуы мүмкін

2024 жыл күн былтырдан да ыстық болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым хабарлады, деп жазды Reuters.

Ұйымның бас хатшысы Селеста Саулоның айтуынша, ДМҰ бүкіл әлемге дабыл қағады, себебі бұрын-соңды болмаған дәрежеде мұхиттар жылып, мұздықтар еріп жатыр. Мұхиттардың температурасы 90%-тен артқан.

Ғалымдар былтырғы жылды бақылау тарихындағы ең ыстық жыл деп таныған. ДМҰ есебіндегі мәлімет бойынша, Жердегі орташа температура 1,45 градус Цельсийден асқан. Бұл – ғалымдар бақылап келе жатқан 174 жылдың ішіндегі ең жоғарғы деңгей. Мамандардың айтуынша, температураны одан әрі асыруға болмайды. Ал мұхиттарды жылытуға енді мыңдаған жыл керек.

Айта кетейік, 2023 жылы БҰҰ метеорологтары жаһандық жылынуды климаттың антропогенді өзгергенімен және Эль-Ниньо құбылысының басталғанымен байланыстырған. Ұйымның айтуынша, 2024 жылы былтырғыдан да ыстық болады, себебі Эль-Ниньодан кейін бір жылдан соң ауа райы жыли түседі.

Factcheck.kz