ДДҰ пандемияның алдын алу туралы келісімнен бас тартты ма?

Желіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пандемияның алдын алу туралы шартты әзірлеуден бас тартқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімдемені Reuters фактчекерлері тексеріп көрді.

«ШҰҒЫЛ: ДДҰ қоғамдық пікірталас пен қарсылық жағдайында өзінің даулы пандемия туралы келісімінен бас тартады», – делінген бір жазбада.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Фадела Чаиб электрон пошта арқылы фактчекерлерге бұл ақпардың жалған екенін айтты.

Чаиб үкіметаралық келіссөздер тобы 29 сәуірден 10 мамырға дейін жалғасатын 9-сессияда пандемия туралы келісім жобасын аяқтауды мақсат етіп отырғанын айтты. Содан кейін жоба 2024 жылғы мамырда қабылдануы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына, ДДҰ-ның жоғары органына жіберіледі.

22 сәуірде жарияланған келісімнің ең соңғы жобасы ДДҰ уеб-сайтында бар. Онда мемлекеттерге өз азаматтарының денсаулығы үшін негізгі жауапкершілік жүктелетіні және ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты басқарушы және үйлестіруші орган екені айтылған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz