БҰҰ: Газадағы балалар аш қалып жатыр

Түрлі кедергі салдарынан Газа секторына гуманитар көмек жетпей, балалар аш қалып жатыр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы зерттеуіне сүйеніп хабарлады.

Ұйымның мәліметі бойынша, Газадағы балалардың 80%-і өте аз мөлшерде, үш күнде бір рет тамақтанып жүр.

«Біз күні бойы тамақтанбайтын бес жасқа дейінгі балалар туралы айтып отырмыз», – деді ДДСҰ өкілі доктор Маргарет Харрис.

БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің (OCHA) осы аптада жариялаған ақпараты бойынша, қаңтардың ортасынан бері бес жасқа дейінгі 93 400-ден астам бала дұрыс тамақтанбай, скриниңден өтті. Оның ішінде 7280-інде жедел жеткіліксіздік, ал оның ішінде 5604-інде орташа және 1676-сында өткір жеткіліксіздік анықталған.

Оның айтуынша, көмек көрсететін қызметкерлер соғыс аймақтарындағы мұқтаж адамдарға қажет көмекті жеткізе алмай отыр.

“Мен олар ондағы ашаршылықтың, біз көріп отырған барлық сұмдықтың алдын алатын көмекті ала алмай жатыр деп айтар едім” – деді OCHA өкілі Йенс Лаерке.

Олар Израильді халықаралық құқықты сақтауға және соғыстан зардап шеккен секторға гуманитар көмек алуын қамтамасыз етуге шақырды.

Factcheck.kz