Байден өз инаугурациясында Дональд Трамптан аулақ жүргені рас па?

20 желтоқсанда спорт комментаторы Бенни Джонсон X желісіне АҚШ президенті Джо Байденнің «осы уақытқа дейін инаугурацияда мен аулақ жүруге тырысқан жалғыз президент – Трамп» деген сөзін жариялап, сұхбаттан үзінді салды. Reuters агенттігі ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Шын мәнінде, үзіндіде президент Джо Байден өзінің инаугурациясына қатыспаған жалғыз президент Дональд Трамп екенін айтқан. Ал Байденнің Трамптан аулақ жүргені жөніндегі ақпарат – қате.
Негізі Трамп 2021 жылы Джо Байденнің ант беру рәсіміне қатысқан жоқ. Трамп сол кезде сайлауда жеңілгенін мойындамаған, дауыс беру нәтижелері бұрмаланған деп мәлімдеген. Ол АҚШ тарихында инаугурацияға қатыспаған алғашқы президент атанды әрі билікті бейбіт жолмен беру дәстүрін бұзды.

2024 жылғы 16 желтоқсанда Джо Байден  MeidasTouch News басылымына сұхбат берді. Жүргізуші Бен Мейзелас президенттен «Сіз Дональд Трамптың инаугурациясына қатысасыз ба?» деп сұрайды. Байден «Әрине, бұл – бұрын инаугурациядан қашқан алғашқы президенттің ант беру рәсімі ғой» деп жауап берген. Сондықтан, Джо Байденнің Трамптан аулақ жүргені туралы ақпарат – жалған.

Басты беттегі сурет Euronews сайтынан алынған.

Журналист

Factcheck.kz