Азаттық радиосы Қазақстандағы орыс редакциясын жабамыз деп шешім қабылдады

“Азаттық радиосы” Қазақстандағы орыс редакциясын жабамыз деп шешті. Бұл ақпаратты Азат Еуропа/Азаттық радиосы” (RFE/RL) медиа корпорациясы растады, деп хабарлады Bes.media.

“RFE/RL бүкіл Орталық Азия бойынша мемлекеттік және орыс тілінде тәуелсіз, бейтарап ақпарат таратуға дайын. Біз маңызды ақпараттарды орыс тілінде таратуды тиімді әрі нәтижелі жүргізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз ресурсымыз бен талантымызды Орталық Азиядағы, оның ішінде Қазақстандағы жаңа өңірлік бөлімше құру үшін біріктіреміз. Бұл бізге қайталанып басылған ақпараттарды қысқартуға, қосымша инвестицияны жоғары сападағы журналистикаға бағыттауға мүмкіндік береді”, – деді “Азат Еуропа радиосы/Азаттық радиосы” медиа корпорациясының сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Карин Мари.

Басылымның ақпараты бойынша, Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Түрікменстанда орыс және мемлекеттік тілдердегі әртүрлі филиалдың орнына Орталық Азияның бір филиалы құрылатыны белгілі болды. Бірақ қашан ашылып-ашылмайтыны белгісіз.

Factcheck.kz