Кейінгі уақытта желіде жапырақтары көбелекке ұқсайтын көк бегония гүлінің суреті тарады. Snopes суреттің рас-өтірігін тексеріп көрді.
Facebook-те көк гүлге ұқсас қызыл реңкті жапырағы бар тағы бір бегонияның суреті тарап жатыр. Фотоның сипаттамасында “ақ тамырлар мен қара-қызғылт түсті көбелекке ұқсас жапырақтардың сүйкімді үйлесімі. Бұл бегонияны басқа өсімдіктермен қатар қойып, түрлі-түсті композиция жасауға болады” деп жазылған.
Шын мәнінде бегония өсімдігінің “Ай көбелегі” деп алатаны түрі жоқ әрі суреттер цифрлық түрде өңделген. Сондықтан кескін – жалған.
Орегон мемлекеттік университетінің профессоры, бағбан Эми Джо Детвейлер, гүлдің фотосы жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жасалғанын айтты.
Hive Moderation детекторы да көк жапырағы бар гүлдің кескіні «99,9% ЖИ өнімі болуы ықтимал» деп көрсетті. True Media жүйесі суретте манипуляция белгілері бар деді.
Ұлттық бау-бақша қауымдастығының онлайн дерекқорында да 797 000-нан астам өсімдік туралы ақпарат бар, бірақ онда “ай көбелегі” деп аталатын бірде-бір бегония жоқ.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.