“Алып ақ теңіз сегізаяғы” көрсетілген видео рас па?

Tik Tok желісінде АҚШ-та “балықшылар ұстаған алып ақ сегізаяқтың” видеосы тарады. Онда бірнеше адам кеменің палубасында тұрған сегізаяққа қарап тұрғаны көрсетілген.

Постта видеоның шын екені көрсетілмегенімен, Snopes басылымы бейнежазбаны жалған деп мәлімдеді.

True Media және Hive Moderation ЖИ детекторлары видеоның жасанды интелект технологиясымен жасалғанын анықтай алмады. Дегенмен видеоға мұқият қарасақ, видеоның ЖИ жасағанына бірнеше дәлел байқауға болады.

Смитсондық ұлттық табиғи тарих мұражайының мәліметінше, сегізаяқтардың сегіз аяғы, кальмардың алты аяғы бар. Ал TikTok-та жарияланған видеода сегізаяқтың оннан астам аяғын көреміз.

Он секундтық роликте аяқтар бір-біріне ауысып, екіге бөлінгендей болады. Оған қоса, сегізаяқ – омыртқасыз жануар, сондықтан оның кемеде тік тұруы мүмкін емес.

Басты беттегі сурет TikTok желісінен алынды.

Журналист

Factcheck.kz