Алматыда XV Орталық Азиялық İnternetCA-2024 форумы өтіп жатыр. Биылғы іс-шараның тақырыбы – Қазіргі цифрлық сын-қатерлер: реттеу стратегиялары мен құқық қорғау.
Форумда Орталық Азияның түрлі елінен келген сарапшылар қатысып жатыр. Мәселен, қазақстандық құқыққорғаушы Әйгерім Құсайынқызы Қазақстандағы цифрлық әлемдегі гендерлік алалау көрінісі мен күресін, ал “Медиа сабак” қорының директоры Айчурек Усупбаева Қырғызстандағы жағдайды, MediaDatalab директоры Дильфуза Мирзахмедова Өзбекстандағы ахуалды айтты.
Бұған қоса басқа сарапшылар Орталық Азиядағы сәтті цифрлық әлеуметтік жобаларға шолу жасады. Сонымен қатар форумда жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану, әлемдегі жалған ақпаратпен күрес мәселесі де талқыланды.
Іс-шараны Medianet халықарлық журналистика орталығы ұйымдастырды.