Алматыда Орталық Азия сарапшыларының біліктігін арттыратын LAD бағдарламасы басталды

Алматыда Орталық Азия сарапшыларының аймақтағы мәселелерді шешуге қатысты біліктігін арттыратын Leadership Academy for Development (LAD) бағдарламасы басталды. Курс аясында Франсис Фукуяма мен Стэнфорд университетінің басқа да танымал эксперттері дәріс оқиды.

LAD мақсаты – реформа көшбасшыларына аймақтағы, әсіресе Орталық Азиядағы қиын мәселелерді анықтауды, олардың себеп-салдарын табуды, ұжымдық, мемлекеттік және жеке сектор арасындағы диалогқа сүйеніп, шешім қабылдауды үйрету. Бағдарлама мемлекеттік және жеке секторда сындарлы реформаторлар желісін қалыптастырады, саясаттың қолдануға болатын озық реформаларды іздейтінін түсіндіреді.

Курс 5 күнге созылады. Оған қатысуға 335-тен астам адам өтініш жіберген. Соның ішінен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдерінің үкіметі, жеке секторы, ғылыми және азаматтық қауымдастығынан жалпы 35 адам іріктелді. Курс қатысушыларына Франсис Фукуяма, Эрик Дженсен, Мэри Хильдербранд, Эрик Хонтц сияқты эксперттер дәріс оқып, тәжірибесін бөліседі.

«LAD тақырыптық зерттеулер мен саяси проблемаларды шешудің дара жүйесін қамти отырып, үкімет пен одан тыс жерлердегі көшбасшыларға ұзақмерзімді саяси реформалар жүргізуге қажет машықтарды үйретеді. Бағдарлама дүниежүзінде шамамен 70 рет өтті, енді оны Орталық Азияға жеткізуге асықпыз». 

Франсис Фукуяма, Стэнфорд университетінің Оливьер Номеллини Фриман Спогли атындағы Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері

Қазақстанда Орталық Азиядағы Leadership Academy for Development бағдарламасын Стэнфорд университетінің Демократия, даму және құқық үстемдігі орталығы, Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы, CAPS Unlock Орталық Азия саясатын зерттеу қоры мен Алматы менеджмент университеті ұйымдастырды. 

«Бағдарлама Орталық Азия сарапшыларына Стэнфорд университетінің үздік профессорларынан білім алуға мүмкіндік алды. Оған қоса үздік қайраткерлердің Қазақстан мен Орталық Азияға келуінің өзі маңызды. Бұл әлем қауымдастығына аймақтың диалогқа, жаңа идея мен ашық қоғам қалыптастыруға дайын екенін көрсетеді. Жаңа жаһандық қатерлерді түсіндіретін ойшылдардың арқасында адамзат күрделі геосаяси процесстерден өтіп, тиімді шешімдер тауып келе жатыр»

Аида Айдарқұлова, CAPS Unlock атқарушы директоры

LAD бағдарламасының курсы 21-25 тамыз аралығы өтеді.

Factcheck.kz