Энергетика министрлігі ведомство басшылығының мессенджерлерін алаяқтар бұзып алғанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«ҚР Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлеріне белгісіз біреулер шабуыл жасады. Осыған байланысты бұзылған нөмірлер арқылы әртүрлі зиян сілтемелер, жалған ақпарат, сұраулар және тағы басқа ақпарат тарауы мүмкін. Мұндай хабарламаларға сенбеуіңізді және оны ескермеуіңізді сұраймыз», — деді министрлік қызметкері Шыңғыс Ілиясов.