Жалған | Үкімет полицияны реформалауда азаматтар ұсынысының 80 пайызын ескеріп жатыр

Полицияны реформалау туралы әңгіме қызу талқыға түскелі “За реформу МВД” (ІІМ реформасын талап етеміз — ред.) азаматтық бастамасы “Қазақстанның жаңа полициясы” концепциясын жасап, үкіметке таныстырды. Концепцияда Ішкі істер министрлігінің реформасы мен полицияның сервистік моделін құру бойынша 112 ұсыныс бар.

[google-drive-embed url=»https://drive.google.com/file/d/1o0WegcbRf-tfr2VSMKmp4uvvRUeHbaNa/preview?usp=drivesdk» title=»2018-08-RUS-Police-Reform-KZ.pdf» icon=»https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/application/pdf» width=»100%» height=»400″ style=»embed»]

Қоғам талабына жауап ретінде 2018 жылдың соңында Ішкі істер министрлігі мен Президент әкімшілігі бірігіп, ішкі істер органдарын модернизациялаудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын таныстырды.

5 сәуірде Алматыда өткен жиында азаматтар ұсынысының ескерілгені хабарланды. Белсенділердің бірінің жазуынша, Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайдичи “ІІМ жол картасында азаматтар ұсынысының 80 пайызы есепке алынды” деген.

Factcheck.kz редакциясы азаматтық бастама жасаған концепция мен Ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланған жол картасын салыстырып көрді.

Үкім: Жалған

Редакция жүргізген сараптама қорытындысы бойынша, еріктілердің 112 ұсынысының толықтай — 18-і, жартылай оны ғана ескерілген. Қалған 84-і мүлде есепке алынбаған.

Қуанатын не бар?

Жол картасында белсенділердің кейбір ұсыныстары расымен ескерілген. Олар мыналар:

  • ІІМ университеттерін өзгерту
  • дайындаудың жаңа форматын енгізу
  • полицейлерге нысандар мен мәдени-көпшілік іс-шараларды күзету міндетін жүктемеу
  • полиция киіміне камера орнатып, жазбаны сақтауын міндеттеу
  • диспетчерлік қызметтің мүмкіндігін арттыру
  • бюджетті оңтайландыру
  • фронт-кеңселер ашу
  • азаматтармен қатынастың жаңа форматын жолға қою.

“Әттеген-айлар”

Министрліктің жол картасында мына пунктілерге қатысты ұсыныстарды ескерілмеген:

  • әкімшілік және саяси функцияларды бөлу
  • азаматтық министр
  • полиция қызметіне парламенттік және қоғамдық бақылау жүргізу.

Жауапсыз қалған ұсыныстар да бар:

  • ІІМ құрылымдық реформалауға қатысты ұсыныстар
  • полицияны бейсаясиландыру
  • адам құқығы қағидаларын енгізу
  • полициялар мәслихатқа есеп беретіндей етіп жекелендіру және тағы басқа ұсыныстар.

Өзіңіз бақылап көру үшін жаңа полиция концепция мен министрліктің жол картасын ұсынамыз.

  1. Салыстыру кестесі

[google-drive-embed url=»https://docs.google.com/spreadsheets/d/1fEoZjM0hyzSNZKiJKWPqy72uzVGr8Nhx8NpuYtHqRWw/preview?usp=drivesdk» title=»Реформа МВД 2019″ icon=»https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/application/vnd.google-apps.spreadsheet» width=»100%» height=»400″ style=»embed»]

2. Жол картасы жобасы

doroj_karta_rus
Редакция
Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2016 года. Член международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)