
Үкім: Жалған
Білім министрлігі оралмандарға мемлекеттік оқу грантын бермеу туралы бұйрық шығарды деген қауесет шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев dialog.egov.kz порталында қойған сауалымызға жауап беру кезінде мәлімдеді:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде 2 пайыз қабылдау квотасының мөлшері бекітілген. Білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясына осы жағдайға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Министрдің жауабын артынша баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Арман Жүнісов те растады.

Материалға қосымша құжаттар:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысы
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңның 4-бабының 24-1) тармақшасын және 26-бабының 8-тармағын қараңыз
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.