Фейк | Видео: Елбасы мәлімдемесі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның өкілеттік мерзімі ресми түрде тоқтады. Артынша әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінен кетті деген видео тарап жатыр. Factcheck.kz сайты видеоны тексеріп көрді.

Үкім: Фейк

Бұл былтыр Назарбаев уәкілеттілігін тоқтатқан уақытында жарияланған видеоның өңделген нұсқасы. Желеді таралған видеоның қазіргі жағдайға еш қатысы жоқ.

Видеоға монтаж жасалғанын 7 секундтан бастап көре аламыз, дәл осы тұста Назарбаевтың ерін қозғалысы мен айтылып жатқан сөздер сәйкес келмейді. Дыбысты өңдеуге арналған бағдарламаның көмегімен жасалғаны көрініп тұр.

Бұл монтаждалған видео Назарбаевтың былтырғы мәлімдемесінен алынған. Төмендегі бейнеден сәйкестендіріп көрсеңіз болады. (18:30 минут қойып көріңіз).

Бұл ақпарат жайлы бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы да пікір білдірді. Айдос Үкібайдың жазуынша “Елбасы үндеуі” деген атаумен тарап жатқан видео – фейк. Видеоны таратқандар жазаланады және осыған ұқсас хабарламаларды тек ресми дереккөздерден тексеруді сұраған.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz