Қазақстандықтар арасында WhatsApp желісі арқылы кезекті хабарлама тарап жатыр. Онда 1991 жылдан 2018 жылға дейін жұмыс істеген азаматтар МӘСҚ-нан (Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру Қоры) 560 000 теңге көлемінде жәрдемақы алады делінген.
Үкім: Жалған
МӘСҚ-ның ресми сайтында ақпаратты теріске шығарған материал тұр.

МӘСҚ-ның хабарлауынша, міндетті әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, яғни:
- асыраушысынан айырылу
- жұмысынан айырылу
- жүктілігіне және босануына байланысты
- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты
- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда беріледі.
МӘСҚ ресми сайты бұл алаяқтардың ісі екенін айта отырып, азаматтарды тек қана ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.