Фейк | БҰҰ 5 жастан асқан балаларға гомосексуализмді оқыту туралы директива шығарды

9 қыркүйек күні Inforuss сайты БҰҰ-ның «директивасы» туралы треш-фейк жариялайды. Ол бойынша «ата-аналардың құқықтары жойылады, балаларды аздырып, оларға гомосексуализм идеологиясы зорлап таңылады». Осыған қоса материалда БҰҰ-ның бұл ұсыныстары балабақша тәрбиелеушілері мен мектеп мұғалімдеріне «ұятсыз практиканы» үйрету және әлемнің барлық елдерінде ата-анаға хабарламай жасанды түсік жасатуды насихаттау міндеттелген деп айтылған…

Гомосексуализм в Европе и ООН
Скрин с Inforuss

Сонымен қатар, бұл сайт «Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО)…өзінің 2009 жылғы «Жалпы сексуалды білім» («ComprehensiveSexualityEducation», CSE) деген құжатын қайта өңдеп, атын өзгертті» деп хабарлайды.

Бұл материалды тек Facebook әлеуметтік желісінің өзінде 6 мың рет бөліскен, оның көптеген көшірмесі түрлі блогтар мен әлеуметтік желілерде тараған. Ал материалда көрсетілген дереккөздерді басқанда ештеңе шықпайды. Алайда «директиваның» бар-жоғын тексеру қиын емес. Біз оны тексеріп шықтық.

Үкім: Жалған

Материалда көрсетілген бірде-бір пікір шындыққа жанаспайды. Керісінше, БҰҰ-ның ұсыныстары, нақты айтқанда ЮНЕСКО-ның 2018 жылы шыққан «Жыныстық білім беру бойынша халықаралық техникалық нұсқаулығы» мүлдем басқа бағыттағы идеяларды қолдайды.

Бұл құжатта балалар мен жасөспірімдер өзінің сексуалды және репродуктивті денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс екені айтылған. Иә, айта кетейік, құжат адам құқықтары мен гендерлік теңдікті құрметтеу тұрғысынан жасалған. Мына жерде мағынасы нақты көрсетілген ЮНЕСКО-ның техникалық нұсқаулығы туралы ресми хабарлама бар.

Осы жерде манипуляциялық «аудармаға» зер салыңыз. Екі нұсқаны салыстырып көріңіздер:

«Жыныстық білім беру бойынша халықаралық техникалық нұсқаулық» (бұл орынды аударма), ал Inforuss былай деп аударады: «Балаларға секс тақырыбында білім беру бойынша халықаралық техникалық нұсқаулық».

Мына жерде құжаттың ағылшын тіліндегі нұсқасы бар.

Құжат туралы

Құжаттың 34-бетінде бұл нұсқаулық 4 жас тобына (5–8 лет, 9–12, 12–15, 15–18+) ерекшеленіп жасалғаны туралы айтылады. Кішкентайлар үшін оңай тапсырмалар мен көбіне базалық ақпарат қарастырылған. Рас, жаңа техникалық нұсқаулық 2009 жылғы «Жыныстық білім беру бойынша халықаралық техникалық нұсқаулықтың» (International Technical Guidanceon Sexuality Education) орнына келді. Алайда ол құжат та 5 пен 18+ жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін арналып жасалған еді. Сондықтан ол Inforuss жазғандай ЮНЕСКО-ның 2009 жылғы «Жалпы сексуалды білім» («ComprehensiveSexualityEducation», CSE) құжатының «қайта өңделіп, аты өзгерген» түрі емес.

Біз «Жалпы (біз «кешенді» немесе «жан-жақты жыныстық білім беру» деп аударушы едік – авт.) сексуалды білім» тақырыбында бірнеше релевантты текст таптық. Бірақ олардың ешқайсысы 2009 жылы шықпаған.

Олардың біреуі – ЮНЕСКО-ның 2015 жылғы 8-беттік «Comprehensive Sexuality Education. A Globalreview» атты шолуы, ал екіншісі – ЮНЕСКО-ның Финляндия, Кения, Нигерия, Танзания, Таиланд пен Уругвай елдеріндегі жыныстық тәрбие туралы есебі (Comprehensive sexuality education: the challenges and opportunities for scaling-up; 2014). Үшіншісі – халық санағы саласындағы БҰҰ Қорының операциялық нұсқаулығы (UNFPA Operational Guidance for Comprehensive Sexuality Education).

Төртіншісі – тексттің ЮНЕСКО-ға және БҰҰ-ның басқа да бөліміне қатысы жоқ. Дегенмен құжат авторы дереккөз ретінде ЮНЕСКО-ның бағдарламаларын пайдаланған.

Comprehensive Sexuality Education, CSE дегеніміз –Бирмингем Университеті жанындағы GSDRC аналитикалық компаниясының Ұлыбритания Халықаралық даму Департаменті (UK Government’s  Department for International Development) үшін дайындаған есебі.

Жалпы, іздеу барысында біз «Жалпы сексуалды білім беру» туралы көптеген материалдарға кезіктік. Алайда құжаттардың бірде-біреуі ЮНЕСКО-ның жыныстық білім беру бойынша техникалық нұсқаулығының бұрынғы нұсқасы емес.

Техникалық нұсқаулықтың мазмұны туралы

Біз «Жыныстық білім беру бойынша халықаралық техникалық нұсқаулықты» бүге-шүгесіне дейін оқып, «ата-аналарға ескертпей аборт жасатуды және 5 жастан бастап гомосексуалдыққа бұрмалауды» насихаттайтын мәтін таппадық. Мұндай мәліметтер басқа жас топтарында да кездеспейді. Айта кетейік, мұғалімдерге арналған нұсқаулық балаларға олардың құқығын түсіндіруге, жеке басқа қол сұқпау және оны қорғауға бағытталған тақырыптық жоспар құруды ұсынады. Осыған қоса, құжатта контрацепция, сексуалды және репродуктивті денсаулық, жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар профилактикасы мен АИТВ туралы мәселелер айтылған.

Пол и гендер

Техникалық нұсқаулықтың 36-бетінде – білім берудің басты әрі маңызды бөлімдері мен тақырыптарына шолу:

  1. Қарым-қатынас (Тақырыптар: Отбасы, Достық, махаббат пен романтикалық қарым-қатынас, Төзімділік, инклюзивтік пен құрмет, Ұзақ мерзімді жауапкершілік пен тәрбие);
  2. Құндылықтар, құқық, мәдениет жыныстық ерекшеліктер (sexuality – авт.) (Құндылықтар мен жыныстық ерекшеліктер, Адам құқықтары мен жыныстық ерекшеліктер, Мәдениет, қоғам мен жыныстық ерекшеліктер);
  3. Жынысты түсіну (Жыныстың әлеуметтік құрылымы және гендерлік норма, Гендерлік теңдік, стереотиптер мен тенденциялық, Гендерлік зорлық-зомбылық);
  4. Зорлық-зомбылық және қауіпсіздікте болу (Зорлық-зомбылық, Келісім, жеке өмір мен тән саулығы, Ақпаратты қауіпсіз пайдалану және байланыс технологиялары);
  5. Денсаулықты сақтау бойынша дағдылар (Құрдастардың сексуалды мінез-құлыққа әсері мен нормалары, Шешім қабылдау, Байланыс, Бас тарту және келіссөз жүргізудің дағдылары, Медиасауаттылық және жыныстық айырмашылықтар, Көмек пен қолдау іздеу);
  6. Адам тәні мен оның дамуы (Жыныстық және репродуктивті анатомия мен психология, Репродуктивтілік, Жыныстық жетілу, Сырт келбет);
  7. Жыныс және жыныстық тәртіп (Секс, сексуалдық және сексуалды өмірдің кезеңі, Сексуалды тәртіп және сексуалды жауап);
  8. Жыныстық және репродуктивті денсаулық (Жүкті болу және одан сақтану, АИТВ және ЖИТС-пен ауыратындар үшін стигматизация, күтім, емделу және қолдау көрсету, Жыныстық қатынас арқылы тарайтын ауруларды, оның ішінде АИТВ-ны түсіну, мойындау және жұқтырып алу қатерін төмендету).

Назар аударамыз…

Ақпараттың болмауынан техникалық нұсқаулықтың кейбір тақырыптары дау туғызуы мүмкін екенін түсінеміз. Сондықтан біз оқырманның назарын 5-8 жас аралығындағы балаларға арналған оқу бағдарламасымен таныстыруды жөн санадық. Яғни «Жынысты түсіну» және «Секс, сексуалдық және сексуалды өмірдің кезеңі» бөліміндегі «Жыныстың әлеуметтік құрылымы мен гендерлік нормалар» тақырыбы және «Жыныс және жыныстық тәртіп» бөліміндегі «Сексуалды тәртіп және сексуалды жауап» тақырыбы.

Техническое руководство по половому воспитанию

Сонымен,

Тақырыбы: «Гендердің әлеуметтік құрылымы мен гендерлік нормалар».

Оқу объектісі: 5-8 жас аралығындағы кіші топ.

  1. Негізгі идея: Биологиялық және гендерлік жыныстың айырмашылығын түсіну маңызды.

Білім алатындар келесіні үйренеді:

* биологиялық және гендерлік жыныс ұғымын ажыратып, түсіндіре алады (теориялық білім);
* өзінің биологиялық және гендерлік жынысы туралы не сезетінін жеткізе алады.

  1. Негізгі идея: Отбасы, жеке тұлғалар, құрдастар мен қоғам жыныс пен гендер туралы ақпараттың көзі.

Білім алатындар келесіні үйренеді:

* биологиялық жыныс пен гендер туралы ақпарат көздерін анықтай алады (теориялық білім);
* биологиялық жыныс пен гендерді ұғынуға көптеген жан-жақты ақпарат көздері әсер ететінін түсіну (мінез-құлық дағдысы).

Редакция атынан ескерту: Биологиялық жыныс пен гендер тықырыбы кең ауқымды және ол әлеуметтік конструктивизм теориясы мен феминисттердің қызметімен (оның ішінде олардың теориялық зерттеулеріне) байланысты. Қысқаша мында, мында және мына жерде. Бірден айтайық, гендерлік сәйкестік пен «ЛГБТ-насихат» бір нәрсе емес.

Руководство ООН по половому воспитанию

Тақырып: «Секс, сексуалдық және сексуалды өмірдің кезеңі»

Оқыту объектісі: 5-8 жас

Негізгі идея: Адамдардың өз денесін жақсы көруі және өмір бойы басқа адамдарға қатысты жақындық сезінуі табиғи нәрсе.

Оқушылар үйренеді:

* физикалық ләззат пен қозуды сезіну – адам бойындағы табиғи заттар екенін және оған физикалық жақындық та жатуы (теориялық білім) мүмкін екенін түсіну;
* тілімізде физикалық тұрғыдағы сезімдерді жеткізу үшін көптеген сөздер бар, ал кейбір сөздер басқа адамдарға қатысты жақындық сезімін білдіру үшін керек екенін түсіну;
* басқа адамдарға қатысты жақындық сезімін білдіру үшін қажетті және қажетсіз сөздер мен тәртіпті ажырата білу (мінез-құлық дағдысы).

Техническое руководство по половому воспитанию

Тақырып: «Сексуалды тәртіп және сексуалды жауап»

Оқу объектісі: 5-8 жас

Негізгі идея: Адамдар бір-біріне деген махаббатты жанасу және жақындық арқылы көрсете алады.

Оқушылар үйренеді:

* адамдар бір-біріне деген махаббатты, қамқорлықты әртүрлі көрсетеді, олар бір-бірін сүюі, құшақтауы, кейде сексуалды іс-әрекет арқылы көрсетуі мүмкін (теориялық білім);

  1. Негізгі идея: Балалар келісімді және келісімсіз тиісуді түсіну қажет. Оқушылар үйренеді:

* «жақсы» және «жаман» тиісуді анықтай алады (теориялық білім);
* балаларға тиісудің жаман жағы бар екенін анықтай алу (мінез-құлық дағдысы);
* оларға біреу жаман әрекетпен тиіскен кезде не істеу керектігін көрсету (дағды).

Сіз көргендей, БҰҰ мұғалімдерге еш «жаман» кеңес беріп жатқан жоқ. ЮНЕСКО-ның техникалық нұсқаулығымен толық танысқыңыз келсе, оның мәтіні мында және мына жерде.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz