Желіде Microsoft компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтске қатысты видео скриншоты тарады. Оның астындағы жазбада “Гейтс сұхбат кезінде журналиске чек ұсынған, содан кейін жіберіп алған мүмкіндіктер туралы ақыл айтқан деген болжам бар” делінеді. AFP фактчекерлері бұл оқиғаның шын мәнінде болған-болмағанын анықтап көрді.
Жазбада корей тілінде былай жазылған: «Сұхбат кезінде журналист Билл Гейтстен: “Сіздің табысыңыздың сыры неде?” деп сұраған. Гейтс журналистке өзі қалайтын ақша сомасын жазуын өтініп банк чегін берген. Журналист чек алудан бас тартқан… Содан кейін Гейтс чекті жыртып, журналиске былай деген: “Сіздің қазір ғана бастартқан мүмкіндігіңізді — мен жіберіп алмас едім. Жетістігімнің құпиясы — осы. Егер сіз мен секілді философия ұстанған болсаңыз, әлемдегі ең бай журналист атанар едіңіз».

Осыған ұқсас корей тіліндегі мәлімдемелерді Facebook-те табуға болады. Бұған қоса, мұндай жазбалар португал және испан тілінде де жарияланған. AFP дерегінше, мәлімдеме интернетте кем дегенде 2019 жылдан бері тарап келеді.
2022 жылдың 2 тамызында Билл және Мелинда Гейтс қорының өкілі AFP агенттігіне желіде тараған мәлімдеменің жалған екенін хабарлаған.
Google-дің суретті кері іздеу функциясы арқылы желіде тараған скриншоттың — Гейтстің 2016 жылғы 26 қазандағы британдық ITV телеарнасында берген сұхбатынан алынғаны анықталды.
Әңгіменің соңына таман жүргізуші Холли Виллоуби Гейтске “ақшаға сатып алынбайтын сыйлық” — шоудың логотипі бар кружка табыстаған. Сұхбаттың ешбір жерінде Гейтс журналистерге чек ұсынбайды және ақыл айтпайды.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.