“Алтын Орда” базары қытайлықтарға сатылғаны рас па?

Ел арасында Алматы іргесінде орналасқан “Алтын орда” базарының “Қытайларға сатылып кеткені” туралы хабар тарап жатыр. Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігіне жіберген сауалымызға ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының жауабы келесідей болды: “Алтын Орда” ЖШС аумағында құрылтайшылары немесе басқарушылары құрамында шетелдік үлесі бар заңды тұлғалар тіркелмеді”. Бұл деректі мемлекеттік орган “Altyn Orda QazTrade Ltd” ЖШС “Алтын Орда” сауда-логистикалық орталығы ұсынған ақпаратты негізге ала отырып жіберген.

Контекст

Ақпарат сұрау барысында бірқатар қиындықтарға кезіктік. Аудан әкімдігі алдымен сұрағымызға кешіктіріп және үстірт жауап берді. Артынша редакция әкімдік жауабына қанағаттанбайтынын және осыған жауапты лауазымды тұлғаға шара қолдану туралы шағым түсірді.

Factcheck.kz шағымы негізінде аудан әкімінің орынбасары Г. Досжанованың, персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Р. Нысанбаеваның, ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Нүркеновтың және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы И. Қалиевқа жиналыс барысында ҚР заңнамасын сақтау, келіп түскен өтініштер мен хаттарды қарау кезінде “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” заң талаптарының сақталуы түсіндірілген. Кеңес қорытындысы бойынша, аудандық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы И. Қалиевқа қатаң сөгіс жарияланған.

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz