Louis Vuitton Ресей басқыншылығы символын пайдаланып жатқаны рас па?

2022 жылғы ақпанда Ресейдің Украинаға басқыншылығынан соң ақпарат кеңістігінде біршама ресми емес «агрессия символы» пайда болды. Атап айтқанда, «V» және «Z» таңбалары Ресей әскери техникасына белгіленіп, кремльшіл пропагандада қолданылады. 2023 жылғы наурызда Louis Vuitton жаңа коллекцияда көк, ақ және қызыл түстерге «V» таңбасын салғаны күтпеген жағдай болды. Фирманың LV монограммасының әлемдегі ең танымал екенін ескерсек, желідегі реакция да көп күттірген жоқ. Бірі брендті Украинадағы соғыс тақырыбын нивериледі және аудитория эмоциясымен «ойнады» деп айыптаса, басқалары Ресейді «қолдағаны үшін» және «махаббаты үшін» алғыс білдіріп жатты

Factcheck.kz редакциясы «V» логотипі қалай пайда болды және Louis Vuitton расымен оны назар аудару үшін қолданып жатыр ма деген сұрақтарға жауап іздеді.

ҮкімДәлелденбеген

Louis Vuitton сән үйі Ресей басқыншылығы символикасына қатысты дауға алғаш рет 2022 жылғы наурызда тап болды. Ол кезде бренд «Fine Jewelry» зергерлік желісінің жарнама науқанын қайта бастап, алқаларда «Z» таңбасын пайдаланды. Бірақ мұндай өнімдерді 2020-2021 жылғы топтамалардан да кездестіруге болады. Бір жылдан соң 2023 жылғы наурызда оқиға тағы қайталанды: видео таныстырылымда көк, ақ және қызыл түстерде «V» таңбасы байқалды. Бір қызығы, бұл логотипті Vuitton жүзден астам жыл бұрын да қолданған. Қазіргі жағдайда «Z» және «V» таңбаларын жария түрде қолдану расымен көптің назарына ілінетіні түсінікті. Мысалы, мұны компанияның жуырдағы видео хабарламасынан да көруге болады. Бірақ сөйте тұра LV мұны әдейі істеп жатыр деуге де келмейді. 

Толығырақ

Наурызда Louis Vuitton француз бренді қысқа reels видео арқылы жаңа топтаманы таныстыратынын хабарлады. Онда Париждегі d’Orsay музейіндегі (сән шоуын ұйымдастыру орны) танымал сағат маңында ортасында «V» таңбасы бар көк, ақ және қызыл түс байқалады. Желі қолданушылары Ресей туының түсін бірден байқап, жағымды-жағымсыз пікір қалдырған. 

  • Louis Vuitton Ресей басқыншылығы символын пайдаланып жатқаны рас па?

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың да твиті назарға ілінді. Онда ол Louis Vuitton басқыншылық символдарымен ойнағанын айтады. 

Louis Vuitton Ресей басқыншылығы символын пайдаланып жатқаны рас па?

Әлеуметтік желі қолданушылары твиттен кейін Louis Vuitton парақшасында украин тілінде «география оқыңыздар» деген жазу пайда болғанын айтты. «Проверено» фактчекерлері ондай жағдай болмады деген түйін жасады. Қандай жағдай болмасын, Франция және Ресей туларының түсі ұқсас екенін айта кету керек, бұл жерде негізгі мәселе «V» символынан туындаған. Көпшілікке таныс «LV»логотипінің орнына бір әріптің болуы біржақты көрінетіні сонша, туға қатысты да сұрақтар туындаған: 

Шын мәнінде, LV THE BOOK журналының дерегінше, «V» логотипінің әдеттегі монограмма секілді көпжылдық тарихы бар және эмблема француз туының фонында салынған. Vuitton деген тегінің бірінші әрпін Франция туына салу идеясы Louis Vuitton үйінің негізін қалаған адамның немересі Гастон Луиге тиесілі. 1901 жылдың өзінде «Steamer Bag» сөмкесінен сондай логотипті байқауға болады. 

Louis Vuitton Ресей басқыншылығы символын пайдаланып жатқаны рас па?
Louis Vuitton-ның «Steamer Bag»

Мұндай брендтік белгіні классикалық LV белгісіне қарағанда сирек қолданады, бірақ брендтің «Acte V» топтамасы да бар. 2015 жылы Louis Vuitton «V Line» сөмкелер топтамасынан тағы екі қысқа метрлі ролик жариялады. Вирусты видеода жапондық цифрлық суретші Риочи Курокава мен фотограф-скейтбордшы Алекс Олсон түскен. 

  • Louis Vuitton Ресей басқыншылығы символын пайдаланып жатқаны рас па?
  • Louis Vuitton Ресей басқыншылығы символын пайдаланып жатқаны рас па?
  • Louis Vuitton Ресей басқыншылығы символын пайдаланып жатқаны рас па?

Көріп отырғанымыздай, ту мен «V» таңбасы жүзден астам жыл бұрын да қолданылған және брендтің әртүрлі топтамалары мен жарнама науқандарында да қолданылып келеді. Vuitton сән үйі одан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де бас тартпаған. Ол кезде нацистер «Victoria» символын қолдануға тырысып, «V» атрибутикасын оккупацияланған Париж көшелерінде де пайдаланған еді.

Бір қызығы, бұл Ресей басқыншылығының ресми емес символы мен LV компаниясына қатысты бірінші дау емес. 2022 жылғы наурызда LV «Fine Jewelry» зергерлік топтамасы аясында «Z» таңбасы бар өнім шығарғаны үшін де сынға ұшырады. 

Louis Vuitton Ресей басқыншылығы символын пайдаланып жатқаны рас па?
фото: louisvuitton.com

«Z» бренд белгісі айтарлықтай танымал емес, бірақ «V» таңбасы секілді оны да бұрынғы өнімдерден (1, 2) кездестіруге болады. Брендтің әлеуметтік желідегі парақшаларында мұны «сән үйі инициалдарына құрмет белгісі» деп атаған. 

Қазіргі жағдайда бренд назар аудару үшін провакациялық символдарды пайдаланады деп біржақты айту я оған қарсы шығу да мүмкін емес. Сандарға қарасақ, 2022 жылғы «Fine Jewelry» науқанының тарауы ресми профильдегі басқа контентпен салыстырғанда айтарлықтай төмен (744 мың және 1,8 млн). Ал ту мен «V» белгісі бар видео 6,1 млн қаралым жинаған. Бұл LV үшін орташа көрсеткіш, бірақ реакция мен пікір саны парақшадағы орташа статистикадан анағұрлым көп. Ролик жасаушылар о бастан осындай эффектіден үміттенді ме? Ол жағы белгісіз. 

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz