Уәделерді қадағалау | А. Көлгінов 2022 жылы Астанада 11 мектеп аша алды ма?

2022 жылдың тамызында сол кездегі Астана әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында Астанада жыл соңына дейін 11 мектеп ашылып, пайдалануға берілетінін хабарлаған.

«Уәделерді қадағалау» айдарының кезекті материалында Factcheck.kz ұжымы Астананың бұрынғы басшысы сөзінде тұра алды ма деген сұраққа жауап іздейді.

Үкім: Ішінара орындалды

Астана қаласының Құрылыс басқармасының редакцияға берген ақпараты бойынша, 2022 жылы Астанада 4 мектеп салынған. Factcheck.kz ұжымының ресми сауалында пайдалануға берілген мектептер саны туралы да сұрақ болғанымен, Басқарма оған жауап бермеді. Дегенмен Ұлттық статистика бюросының 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында мәліметіне сай, 2022 жылы Астанада 3 мектеп пайдалануға берілген. Осылайша, бұрынғы әкім уәдесін тек ішінара орындады.

  • Уәделерді қадағалау | А. Көлгінов 2022 жылы Астанада 11 мектеп аша алды ма?
  • Уәделерді қадағалау | А. Көлгінов 2022 жылы Астанада 11 мектеп аша алды ма?

Пайдалануға берілген мектептер саны көрсетілген кестенің скриншоты (12-бет) мен «Астана қаласы Құрылыс басқармасы» ММ-нің салынған мектептер туралы ресми жауабы

2022 жылдың 9 желтоқсанында Алтай Көлгінов қала басшысы қызметінен кетіп, оқу орындарын салу эстафетасын жаңа әкім Жеңіс Қасымбекке табыстады. Көлгіновтің сөзінше, қазір елордада мектеп салуға 150-ден астам жер телімі бөлінген.

Factcheck.kz