Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен

Қазақстандық жасөспірімнің 72%-і фактчектің негізгі құралдарын біледі. Алайда фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен. Бұл туралы MediaNet халықаралық журналистика орталығы хабарлады.

MediaNet 2023 жылғы 23 қыркүйектен 20 желтоқсанға дейін Қазақстанның 9-класс оқушылары арасында медиа және ақпараттық сауат деңгейіне қатысты сауалнама жүргізді. Оған 13-16 жастағы 5922 оқушы қатысты.

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, елдегі 14-15 жастағы жасөспірімнің 92%-і мобильді интернетті қолданады. Ал 60%-і тәулігіне үш сағаттан астам уақытын желіде өткізеді. Сауалнама нәтижесі ұлдарға қарағанда қыздардың интернетте көп отыратынын көрсеткен.

Сонымен қатар, мамандар интернетті ұзақ қолданатындардың арасында қазақтілді мектепте оқитын балалардың үлесі аз екенін, ал орыстілді және басқа тілде оқитын балалардың үлесі көп екенін байқаған.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан оқушының көбі әлеуметтік желіні тек ақпарат алу үшін емес, қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланатынын көрсетті:

  • 10 оқушының тоғызы интернетті күн сайын пайдаланады, бірінші кезекте мессенджер мен әлеуметтік желі арқылы коммуникация орнатады;
  • 10 оқушының сегізі күн сайын YouTube көреді;
  • 10 оқушының сегізі күнде желіні оқу және білім алу үшін қолданады.

Бұған қоса “4”, “3”, және одан төмен баға алатын оқушының көбі интернетті көп пайдаланады. Олардың 28%-і интернет арқылы ойын ойнайды, 21%-і фильм көреді, 52%-і Youtube-тан видео көреді.

Зерттеу нәтижесі оқу үлгерімі мен интернет желісіндегі әрекетті таңдау арасында байланыс бар екенін көрсетеді. Алайда, өкінішке қарай, оқу үлгерімі төмен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы бұл жағдай құбылмалы ма, әлде көңілі қаламайтын нәрседен қызықты дүниеге назар бұру ма, оны анықтауға мәлімет жеткіліксіз.

MediaNet халықаралық журналистика қоры
  • Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен
  • Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен
  • Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен
  • Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен
  • Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен
  • Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен
  • Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен
  • Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен
  • Сауалнама: Қазақстандық оқушылардың фактчекиң сервистерін қолдану машығы төмен

Сауалнама нәтижесі оқушылардың интернетке қатысты негізгі қауіпсіздік ережелерін білетінін көрсетті. Көпшілігі бөтен адаммен байланысқа түспейді, хабарламасын ашпайды. 66%-і әр әлеуметтік желідегі парақшасына әртүрлі құпиясөз қолданады. Сауалнама авторларының айтуынша, ауылда тұратын, қазақ мектебінде оқитын ұл балалар таныс емес адамнан келген хабарламаларды ашуға, ал орыс тілді мектепте оқитын ұлдар түрлі пароль, вирусқа бағдарлама қолдануға бейім.

Алайда оқушының көбі интернетті қауіп-қатер көзі ретінде қабылдамайтын болып шықты. Сауалнамаға жауап берген екі баланың біреуі желідегі қауіпсіздік ережесіне аса назар аудармауының себебін “Интернетте жасыратын ештеңем жоқ” деп түсіндіреді. Қазақ мектебінде оқитын оқушылар арасында мұндай пікірдегілер орыс мектебінің оқушыларымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары (52% және 28%).

Жасөспірімдердің 62%-і әлеуметтік желідегі аккаунттарына ата-анасы кіре алмайтынын айтты. Әр үшінші бала ғана (34%) интернеттен қажет ақпаратын таба алмаған жағдайда ересектердің көмегіне жүгінеді, ал 38%-і ақпараттың растығына күмән туғанның өзінде де ата-анасынан көмек сұрамайды. Бұл, әсіресе, орыстілді ортаға және интернетте күніне 5 сағат және одан да көп уақыт отыратындарға тән (20% және 19%, орташа көрсеткіш 29%).

Сонымен қатар зерттеуге сүйенсек,  оқушылардың басым бөлігі (82%) қажет ақпаратты іздеу және желідегі қажет дереккөзді анықтауда қиналмайды. Оған қоса олар интернеттен ақпарат іздеу көп уақытты қажет етпейтінін айтқан. 

Оқушылардың басым көпшілігі жалған ақпарат пен рас ақпараттың ара-жігін ажырата алады (70%). Бұл ретте, әсіресе, қала мектептерінде оқитын ұл балалар өзіне сенімді екені байқалады.

Мұндай сенімділікті оқушылар желіден алынған ақпарат көп жағдайда күмән тудыратындықтан, оны таратпас бұрын басқа дерек көздеріндегі ақпаратпен салыстыратынымен түсіндіреді. Желідегі ақпаратқа сенімсіздік көп жағдайда оқу үлгерімі жақсы, Интернетте күніне 2 сағаттан аз отыратын қыз балаларға тән екенін атап айтқан жөн.

Дегенмен фактчекиң жасайтын арнайы сервистерді пайдалану машығы кең тарамаған (29%). Көп жағдайда мұндай ресурстарды оқу үлгерімі төмен, интернетте күніне екі сағаттан аз уақытын өткізетін ұл балалар пайдаланады екен.

 Зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақтың күнделікті өмірінде интернеттің рөлі маңызды екенін тағы да бір рет еске салды. 14-15 жастағы жасөспірімдердің 60%-тен астамы күнделікті 3 сағат және одан да көп уақытын желіде өткізеді. Алайда сауалнамаға жауап бергеннің көпшілігі құпиялылық маңызды екенін айтқанымен, зерттеу жасөпірімдер арасында интернет жеке деректердің сақталуына айтарлықтай қауіп төндірмейді деп санайтындардың көп екенін көрсетті. Осыған орай ақпаратты тексеру және сыни ойлауды күшейтуге баса назар аударып, оқушы жастар арасында медиа сауат деңгейін көтеру курстары қажет болуы мүмкін деген ою түюге болады.

MediaNet халықаралық журналистика орталығы

Сауалнамаға сәйкес, оқушының 72%-і фактчектің негізгі құралдарын біледі – олар жарияланымды басқа адамға жібермес бұрын дереккөзіне және жарияланған күніне назар аударады. Сонымен бірге, көбі (68%) интернетте жалған ақпаратты таратқаны үшін заң алдында жауап беретінін біледі.

Factcheck.kz