ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | Қазақстан ипотекалық компаниясы Атлетика қалашығындағы 1748 пәтерді кезекте тұрғандарға үлестірді

XXVIII Қысқы универсиада қарсаңында ойындар аяқталғаннан кейін Атлетика ауылындағы пәтерлердің үй кезегінде тұрғандарға берілетіні айтылған болатын. Соның ішінде Қазақстан ипотекалық компаниясы тарапынан көпбалалы аналарға, толық емес отбасыларға, жетім балаларға, мүгедек бала бағып отырғандарға, сонымен қатар, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне 1748 пәтер берілетіні айтылған.

24.kz
Скриншот 24.kz сайтынан

Үкім: Жартылай шындық

Расымен де, пәтерлердің барлығы дерлік кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінген. Алайда, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы бізге берген жауабында 1748 емес, 2008 пәтер бөлінгенін айтады. «…Жергілікті атқарушы органның кезекте тұрған азаматтарына жоспарланған 2008 пәтердің 437-сі үлестірілді», – делінген басқарма жауабында.

scan
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы жауабынан
tengrinews.kz
Скриншот tengrinews.kz сайтынан
zakon.kz
Скриншот zakon.kz сайтынан

Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы factcheck.kz тілшілеріне берген жауапқа сүйенсек, Қазақстан ипотекалық компаниясы «Нұрлы жер» тұрғын үй-құрылыс бағдарламасы шеңберінде барлығы 2008 пәтерді үлестірген. Оның ішінде жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтарға 437 пәтер үлестірілген.

Таратып айтсақ, «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 8 адамға; «Мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша 14 адамға берілген.

Біз Тұрғын үй басқармасынан пәтер алғандардың ішінде соғыс және еңбек ардагерлерінің үлесі қандай екенін сұрағанбыз. Басқармадағылар ҚИК бағытына «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары» санаты бойынша тұрған азаматтар қатыса алмайтынын айтты.

«Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттің органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санаты бойынша, денсаулық сақтау саласының 27 қызметкері мен білім беру саласының 80 қызметкері «Атлетика қалашығынан» пәтер алған. Ал қалған пәтерлер кезекте тұрған азаматтардың арасында кезекке тұрған күніне және бағдарламалардың шарттарына орай үлестірілген.

Factcheck.kz