2024 жылы Парижде өтіп жатқан Олимпиада да бокстан әйелдер арасынан шаршы алаңға шыққан алжирлік Иман Халиф пен тайуандық Лин Ю Тин “трансгендер” деген жалған ақпарат тарады (1, 2, 3). Ал жалпы трансгендер спортшылар Олимпиадаға қатыса ала ма? Factcheck kz редакциясы осы тақырыпты талдап көрді.
Трансгендер спортшылар Олимпиада ойындарына қатыса ала ма?
Трансгендер Олимпиада ойындарына қатыса алмайды деген ереже жоқ. Тіпті 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадаға алғаш болып трансгендер Лорел Хаббард қатысқан. Ал 2021 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті гендерлік кімдік пен жыныстық өзгерістер негізіндегі кемсітушілікке қарсы бағдарлама жариялаls. Бағдарлама ХОК тың Олимпиада күн тәртібі 2020+5 стратегиялық жол картасындағы адам құқықтары жөніндегі міндеттемесіне сәйкес келеді. Бағдарлама ХОК-тың адам құқықтарын сақтау және гендерлік теңдік пен инклюзивтілікті қолдау мақсатында қабылданған шаралар аясында рәсімделген. Құжатының мақсаты спорттық ұйымдарға, элиталық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға жауапты ұйымдарға өз спортында қолданылатын критерийлерді құруға көмектесетін 10 принципті ұсыну. Құжат спортшылар қауымдастығымен, халықаралық федерация ұйымының мүшелерімен, адам құқықтарын қорғайтын ұйыммен, заң және медицина сарапшылармен кеңесу нәтижесінде құрылған. Осы мәселе бойынша ХОК бұрынғы мәлімдемелерін, соның ішінде 2015 Консенсус мәлімдемесін жаңартты. Ал трансгендер спортшылардың ерлер немесе әйелдер командасында өнер көрсетуін ағзадағы тестостерон деңгейі арқылы анықтайды.
Дегенмен PubMed платформасында жарияланған мақала авторлары бұл бағдарламаның Олимпиадаға қатысушы әйелдерге әділетсіз деп жазды. Ғылыми негіздерге сүйенсек, тестостероны азайтылған трансгендердің (жынысы ер адам болып туғандар) бұлшық етінің массасы, күші, төзімділігі әйелдерден басымырақ. Ал арнайы зерттеулерге сүйенсек трансгендер әйел спортшының күші бастапқы 3 жыл гормондық терапия кезінде жақсы сақталады екен. Сондықтанда Олимпиадаға қатысу критерийлерінде тестостерон деңгейіне емес, басты назарды әйел мен ердің дамуына берген дұрыс деп жазды.
Алғашқы трансгендер спортшылар жайлы не білеміз?
Жаңа Зеландиалық Лорел Хаббард ашық түрде Олимпиадаға қатысқан алғашқы трансгендер спортшы. Ол 2021 жылы Токио Олимпиадасын ауыр атлетикадан 87+ салмақта өнер көрсеткен. Ең алғаш ауыр атлетикамен айналыса бастағанда ерлер арасында 300 кг салмақты көтеріп халықаралық рекорд жаңартқан. Алайда 2001 жылы 23 жасында ауыр атлетикадан біржола кеткен. Бірақ 2017 жылы жынысын өзгерткен Хаббард ауыр атлетикаға қайта оралып, Солтүстік аралда өткен ойында 113 кг көтеріп әйелдер арасынан рекорд жаңартты. Сол жылы Аустралия чемпионатында алтын жеңіп алды. Ал 2019 жылы Самоада өткен Тынық мұхит ойындарында екі алтын иеленіп, 2021 жылы Олимпиадаға қатысты. Алайда жартылай финалда жеңіліс тапты.
2021 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан тағы бір трансгендер және небинарлы спортшы, ең алғаш Олимпиада да алтын медаль иеленген канадалық футболшы — Ребекка Куинн. Куинн 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада да қола жүлде иегері атанған. Алайда ол жылдары өзін небинарлы және трансгендер екенін жарияламаған.
Париждегі Олимпиада да трансгендер спортшы бар ма?
Биыл Париж олимпиадасында қашықтықта жүгіруден трансгендер және небинарлы спортшы — Никки Хилц. Никки Хилц АҚШ та өткен іріктеу додасында 1 500 м қашықтықты 3:55:33 уақытта жүгіріп өтіп, әйелдер арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылай Париж Олимпиадасына жолдама ұтып алды. Ол Париж Олимпиадасында 1 500 метрді 3:56:38-де жүгіріп өтіп, жалпы көрсеткіште 7-орын алды.
World Athletic жеңіл атлетикадан ерлер типі бойынша жыныстық жетілуден өткен алайда жынысын өзгерткен трансгендер әйелдерге жарысқа қатысуға рұқсат бермейтінін айта кету керек. World Athletic саясатына сай, тек жынысын ауыстырған трансгендерлік ерлерге (туғанда әйел болған) және гормондық терапиядан өтпеген небинарлы спортшыларға әйелдер санатында бәсекеге түсуге рұқсат етіледі.
Контекст
Иман Халиф пен Лин Ю Тин трансгендер деген ақпарат жалған. Мұның рас өтірігін Factcheck kz редакциясы ашық дереккөздерге сүйене отыра тексерді. Иман Халиф 66 кг салмақта ал Лин Ю Тин 57 кг салмақта Париж Олимпиадасының алтын медаль иегері атанды.
Мақаланы дайындаған Айсұлу Даңғылқызы