Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы 5 стереотип

Соңғы кездері қазақстандық БАҚ өкілдері өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды табысы төмен, «көлеңкеде» қалып қоятын және ел экономикасына зиян тигізетін адамдар ретінде көрсетуге тырысып жүр. Олар жасаған образдың қате екенін түсіндіріп кетейік.

2018 жылдың басында Мемлекет басшысы үкіметке өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға салық салу мәселесін қарастыруды тапсырды.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Мадина Әбілқасымова тағайындалып, ол жыл соңына дейін жаңа заң дайындауға уәде берді. Қазақстандық БАҚ өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды «көлеңкеде» тығылып жүрген және ел экономикасына залал келтіретін адамдар ретінде көрсетуге тырысып жүр. Бірақ, шын мәнінде бұл образ біз ойлағаннан мүлдем басқа, өйткені өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың көбі заңды түрде тіркелген кәсіпкерлер, олар жүйелі түрде салық төлеп мемлекеттің өркендеуіне өз үлестерін қосып жатыр. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы кең тараған стереотиптерді қарастырайық:

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар салық төлемейді және «көлеңкеде» қалып қояды.

Үкім – Жалған   

Бұл стереотип жоғары нотамен айтылды, сол себепті де барлық мемлекеттік органдар «іліп әкетті». Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды мемлекеттен өздерінің негізгі табыс көздерін жасырып, салық төлеуден жалтарып кетеді деп есептейді. Бірақ бұл образ шындыққа сәйкес келмейді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми дерегіне сәйкес 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы есеп бойынша екі миллионға жуық өз-өзін жұмыспен қамтушы адам бар екені анықталған.

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/file/d/1uITDzyg7rzUhfQ0b-qVKyl1SSSCfhx0p/preview?usp=drivesdk” title=”02_2018_Э-17-22-К_ru.docx” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/application/vnd.openxmlformats-officedocument.wordprocessingml.document” width=”100%” height=”400″ style=”embed”]

Оның жартысынан көбі жекеменшік негізде өзін жұмыспен қамтыған, олар тіркеуде бар және жүйелі түрде салық төлейді. Тағы 100 мыңға жуығы жұмыс берушілер, олар да салық төлеушілер қатарында. Тағы 400 мың адамның жеке қосалқы шаруашылығы бар, олар жеке қолданысқа немесе кей кездері сатылымға шығаратын азық-түлік өнімдерін өсіреді. Ресми статистикаға назар салсақ, ешкім «көлеңкеде» қалып және салықтан жалтаруға тырысып жатқан жоқ.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы адамдар ел экономикасына өз үлестерін қосатыны халықаралық тәжірибеден де белгілі, ал олардың бар болуы ешкімге қиындық тудырмайды. Мәселен, Ұлыбританияда өз-өзін жұмыспен қамтушылар (self-employed) жеке кәсіпкер ретінде есептеледі және өз табыстарының мөлшеріне қарай салық төлейді. Факт негізінде жұмыссыздарды ешкім өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатарына жатқызып жатқан жоқ. Ал Грузияда жалдамалы күшті талап етпейтін шағын бизнес салықтан босатылған.(Салық кодексінің 82-бабы).

Сонымен қатар Қазақстанда екі мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтушы «өнімсіз жұмыспен қамтылғандар» болып есептеледі, олар белгілі бір себептермен өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде жазылған жұмыссыз адамдар. Бұл тізімге табысы күнкөріс минимумынан аз адамдар, жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер және т.б. жатқызуға болады. Бұл адамдар ешкімнен тығылмайды және ережеге сәйкес, табыс көзі болмағандықтан салық төлемейді. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы 5 стереотип

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ештеңені өзгерткісі келмейді

Үкім – Жалған   

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы қалыптасқан түсінікке сәйкес, бұл адамдар заңдағы кез келген өзгеріске қарсы. Оларға «салықтан жалтара алатын» қазіргі жағдай тиімді деген болжам бар. Шын мәнінде олай емес.

Қазақстан бойынша жүргізген сауалнамамыз көрсеткендей тұрғындардың көп бөлігі (87%) қазіргі заңды өзгерту керек деп есептейді, 13%-ы ғана оларға қарсы. 87% тұрғынның 43% -ы бейресми жұмысбасты азаматтарды «көлеңкеден» шығару үшін стимул және жайлы орта қалыптастыру керек деп есептесе, 44%-ы заңға модернизация керек, бірақ өзін жұмыспен қамтушыларға қатысты ештеңені өзгертудің қажеті жоқ деп есептейді.

Алынған ақпараттар азаматтардың қызмет саласынан көп айырмашылығы жоқ. Шығатын қорытынды, өз-өзін жұмыспен қамтушыларды қазіргі жағдай қанағаттандырмайды және олар құқықтық реформаның болуын қолдайды.

Дегенмен сауалнама нәтижесінде адамдардың 76,8%-ы еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерден хабары жоқ екені белгілі болды. Жаңа заңды талдауға ел азаматтары қатысуы керек болса, біздікілер бұл туралы мүлдем естімеген.

Осылайша, өз-өзін жұмыспен қамтушылар өзгерістерді қаламайды деп айтуға болмайды. Азаматтар заңнамаға өзгеріс енгенін қалайды, сонымен қатар заң шығару ісіне араласып, олардың да қызығушылықтарымен санасқанын қалайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы 5 стереотип

Қазақстандағы өз-өзін жұмыспен қамтушылардың статистикасы халықаралық еңбек классификациясына негізделген, яғни оған сенуге болады.

Үкім – Жартылай шындық

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті жасаған статистика Жұмыспен қамтылу мәртебесінің халықаралық жіктемесіне (ICSE) негізделген. Осыған байланысты мемлекеттік мекеме өкілдері Қазақстандағы өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындардың қазіргі стаистикасына қатысты айтылған ешқандай сынды қабылдамайды. Бірақ бұл мәлімдемені үлкен сылтауларға негіздеп қабылдауға болады, себебі мынадай:

Шын мәнінде-ақ Қазақстандағы өз-өзін жұмыспен қамтушылар туралы статистика Жұмыспен қамтылу мәртебесінің халықаралық жіктемесінде көрсетілген жұмысбасты тұғындарды анықтау критерийлеріне негізделген. Бірақ Жұмыспен қамтылу мәртебесінің халықаралық жіктемесін ұлттық саясаттың негізі ретінде қолданбаймыз. Ол тек статистикалық мәліметтерді жинақтау құралы ғана. Тіпті ақпараттарды жинау әдістемесі де даулы болып есептеледі. Себебі Ұлттық экономика министрлігі статистикалық мәліметтерді анкета алу арқылы жинайды. Анкетаның формасы таңдауға түскен әр жеке үйшаруашылығына жеке толтырылады.

Адамдар анкета алу кезінде үнемі шындықты жазбайтыны белгілі. Өзінің жұмыссыз екенін мойындай алатын адамды қаншалықты жиі кездестіресіз? Жұмыссыз болғаны үшін айыптайды және жұмыссыз азаматтар өздерін «өз-өзін жұмыспен қамтушылар» ретінде көрсеткісі келеді. Сол себепті өз-өзін жұмыспен қамтушылар туралы ресми статистикаға негізделуге болады, бірақ бұл ақпараттардың шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін екенін есте сақтаған жөн. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы 5 стереотип

Өз-өзін жұмыспен қамтушылардан алынған салық елге үлкен кіріс әкеледі

Үкім – Жалған   

Өз-өзін жұмыспен қамтушыларға салық салу мәселесінің бір себебі, олар төлеген салық елге үлкен табыс әкеледі деп есептейді. Шын мәнінде үлкен кірісті күтудің қажеті жоқ. Тіпті қосымша шығын болуы да мүмкін.

Бірінші стеротипті еске түсіре отырып, өз-өзін жұмыспен қамтушылардың көп бөлігі өз қызметтерін заңды түрде істейді және жүйелі түрде салық төлеп отыратынын еске саламыз. Өзін жұмыспен қамтушылардың келесі бөлігі статистиканың жетілдірілмегенінің әсерінен өзін жұмыспен қамтушылардың қатарына кірген өнімсіз жұмыс істейтіндер, тіпті жұмыссыздар деп те айтуға болады. Өз-өзін жұмыспен қамтушылардың 400 мыңға жуығы жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады және өнімді өсіреді, бұлар өзін жұмыспен қамтушылардың даулы бөлігі, өйткені олардың көбі жұмыссыз. Осыдан келе заңды сұрақ туындайды, олардың қайсысына салық саламыз?

Өз-өзін жұмыспен қамтушыларды тексеріп, салықтан жалтаратындарды анықтайтын кім екенін де біліп алған жөн. Оған қосымша құралдар мен бюджеттен қосымша шығын кетеді. Не десек те, өз-өзін жұмыспен қамтушылардан түсетін салық арқылы бюджет «байып кетеді» деп күтудің қажеті жоқ. Салық салуға деген халықтың көзқарасы мен болуы мүмкін жағдайлар туралы үндемей-ақ қояйық.

Мәселен, 2016-2017 жылдары Беларусияда «жатыпішерлерге» салық салмақ болды, соңында бүкіл елде қарсылық шаралары ұйымдастырылған болатын. Беларусь басшылығы негізінен «өз-өзін жұмыспен қамтушыларға» салық салмақ болған, бірақ декрет көптің шамына тиіп, жұмыссыз тұрғындар қажетті салықты төлеуге қауқарсыз болды. Соңында, қарсылық шараларының әсерінен Беларусь басшылығы даулы декретті уақытша тоқтатып қойды.

Мұндай жағдай елімізде де болуы мүмкін екенін ескерген жөн.

Өз-өзін жұмыспен қамтушылар Қазақстан экономикасына залал келтіреді

Үкім – Жалған

Және ең көп тараған миф – өз-өзін жұмыспен қамтушылар «жатыпішірлер», олар жұмыс істейтін азаматтардың мойнына асылып, Қазақстанды кері тартады дейді. Бұл стереотип те басқалар тәрізді жалған ба?

Біріншіден, өз-өзін жұмыспен қамтушылар Қазақстан үшін жаңалық емес. Оларды бүкіл әлем бойынша кездестіруге болады. Оның үстіне, барлық дамыған елдердің ЖІӨ-нің негізін қызмет көрсету секторы құрайды. Халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат дұрыс жолға қойылған болса, шағын кәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту арқылы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге болады. Егер өзін қамтамасыз ететін адамдар жұмыссыздар армиясын толықтыратын болса, жағдай мүлдем қиындап кетер еді. Өз-өзін жұмыспен қамтушылардың көпшілігі лайықты жұмыс таба алмағандықтан осындай күйге түседі.

Екіншіден, өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтардың көп бөлігі өз жұмыстарын заңды тұрғыда істейді және кәсіпкер ретінде қажетті салықты төлейді. Осылайша олар мемлекет экономикасына залал келтірмейді, керісінше дамытуға үлес қосады.

Көріп отырғанымыздай, БАҚ жасаған образға сене берудің қажеті жоқ. Өз-өзін жұмыспен қамтушыларды заңдастыру мәселесі жалпыға ортақ  және оны шешу үшін мұқият қарап шығу керек. Және өзін жұмыспен қамтушыларды салықтан жалтаратын «жатыпішерлер» деген айып тағу арқылы мәселені шеше алмаймыз. Көптеген өзін жұмыспен қамтушы азаматтар жүйелі түрде салық төлейді және құқықтық реформалардан хабары бар. Бұл саладағы саясатқа өзгерістер енгізетін кезде олардың да пікірімен санасқан жөн.

Қазақ тіліне аударған – Балнұр Қожегелді

Юрист. Независимый исследователь. Автор более 40 научных статей в сфере юриспруденции.

Factcheck.kz