139 млн теңге: Шымкенттегі қаңғыбас иттерді ұрықсаздындырудағы сәтсіздік

2023 жылы шымкеттік әкімшілік көше жануарларының стерилизациясы мен ұрықсаздындыруна бюджетке 139 млн теңге қойған. 82,1 млн теңгені алуға бірінші конкурс наурыздың ортасында жарияланған. Бұл лотты бұрын жол жөндеу, сонымен қатар мемлекеттік органдарға принтер мен азық-түлік сатып алумен айналысқан компания жеңіп алған. Қорытынды қаржы 73,3 млн теңгеге түскен.

Журналист Марина Низовкина қаңғыбас жануарларды ұрықсаздындыру бағдарламасы қалай сәтсіздікке ұшырағаны туралы айтып берді.

Сегіз қырлы компания

«Стройкомплект-КБ» ЖШС әкімшілікпен 12 сәуір күні келісімшартқа отырған және жыл соңына дейін 8 400 көше жануарының еркегін стерилизациялауы керек болған. Яғни, келісімшарттағы міндетін орындау үшін компания күніне 60 итті піштіруге тиіс еді. Бірақ конкурсты жеңген уақытта мекемнің жануарларға ота жасайтын жері болмаған, ал конкурстың техникалық талаптары сай, ол жұмыс істеп тұрған ветеринарлық клиника болуы керек.

Жануарларға ота жасап, қайта қалпына келтіретін ғимараттың көлемі 400 шаршы метр болуы талап етілген. Ол жерде ота жасайтын және отадан кейін жататын торы бар екі бөлмеге бөлінуі тиіс. Бұл лотты өзінде мұздатқыш камерасы, тоңазытқышы, 5 хирургиялық үстелі және дәл сонша залалсыздандырылған құралдар жинағы бар компания ұта алатын болған. Одан бөлек конкурста жеңімпаз атану үшін мекеменің штатында дипломы бар 5 ветеринарлық дәрігер, 2 санитар және осы салады 5 жылдық еңбек өтілі болуы тиіс. Мынадай талаптар қойылған конкурста «Стройкомплект-КБ» ЖШС қалай жеңімпаз атанғаны жұмбақ күйінде қалды.

Бұл компания нарыққа енді қосылған жоқ. Мекеме 22 жыл бұрын тіркелкен, дегенмен мемлекеттік сатып алу сайтының ақпаратына сүйенсек, салық төлмеі тек 2021 жылдан бастап жүзеге асқан. Сол жылы компания бюджетке 43,9 млн теңге төлеген. 2022 жыл да мекеме үшін сәтті өтті деуге болады. Алайда сол жылы компания құрылыспен емес, университттер үшін видеопроекторлар, принтерлер, ноутбуктар және емханалар үшін кодиционерлерді сатып алумен айналысқан.

2023 жылы «Стройкомплект-КБ» ЖШС қызметкерлері мүмкіндігі мен талант көкжиегін кеңейтіп, 59,7 млн теңгеге Наурыз мейрамы қарсаңында Шымкенттің бір ауданын сәндеуге атсалысқан. Бұдан да көп ақша әртүрлі мемлекеттік мекемелерге азық-түлік алып бергеннен түскен. Мемлекеттік келісімшарттан 336,5 млн теңге алған. 

Мына қызықты қараңыз, мемлекеттік сатып алу сайтында «Стройкомплект-КБ» ЖШС азық-түліктің нарықтағы бағадан арзан алғаны да көрсетілген. Мысалы, құжатқа сәйкес, ЖШС қиярдың бір килограммын 94,19 теңгеге алған, ал 2023 жылы Шымкентте қиярдың бағасы килограммына 900 теңгеден түспеген.

Одан кейін не болды?

Маусым айында әкімшіліктің ауыл шаруашылығы басқармасы «Стройкомплект-КБ» ЖШС-мен ұрықсыздандыру/стерилизация үшін 48,4 млн теңгеге тағы бір келісімшарт жасасқан. Келісімшартта қаңғыбас және иесіз жануарларды анықтау қызметі туралы айтылған. Сонымен, мемлекеттік бюджеттен мекемеге беруге тиіс ақшаның сомасы 121,7 млн теңгеге жеткен.

Жаздың ортасында компания жұмысы әйтеуір басталғандай болды. Оларға шымкенттегі ит аулаушылар алғашқы жануарларды әкеле бастаған. Дегенмен зооерікті Эмилия Ускенова сұхбатына сенсек, одан бері 11 итті ғана стерилизациялаған.

Табиғат қорғаушы еріктілер иесіз жануарларды ұрықсыздандыру және піштіру бағдарламасының жүзеге аспағаны бойынша сын айтқан соң қазан айында әкімшілік «Стройкомплект-КБ» ЖШС-мен бір жақты келісімшартты бұзған. Ал ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров бұл іс бойынша бұл компанияны жосықсыз деп тану үшін сотқа жүгінетінін айтқан. Тек сот кабинетінде бұл талаптың тіркелгені, болмаса сот процесінің басталғаны туралы бірде-бір ақпарат жоқ.

Бейінді ведомства өкілдері «Стройкомплект-КБ» ЖШС жеңісіне тағайындалған қаржы бюджетке қайтарылды дейді. Дегенмен 20 қарашада басқарма тағы бір бақ сынамақ болып, қаңғыбас жануарларды ұрықсыздандыру және піштіру бойынша хабарлама жасаған. Бұған 8 370 535 теңге қарастырылған.

Конкурс 5 желтоқсан күні аяқталуы тиіс еді, бірақ басқарма басшылығы желтоқсанда осы соманы да игере алмайтынын түсінген сияқты, сол үшін де бюджет қаржысын игеруге дайын болған үш үміткер болса да сатып алудан бас тартқан. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбаевтың мәлімдеуінше, 2024 жылы иесі жануарларды ұрықсаздындыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алуға емес, аутсорсингке жүгінетінін айтқан.

Материалды Online Factcheck Academy түлегі Марина Низовкина дайындады

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz