YouTube желісі платформадағы видеоның астында дизлайк санын жасыратынын хабарлады.
Компания бұл өзгеріс аудиториясы аз авторларды шабуыл мен қорлаудан қорғауға, сонымен қатар, “көрермендер мен контент жасаушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға” арналған дейді.
Дизлайк батырмасы өз орнында қалады. Бірақ көрермендер қанша адам батырманы басқанын көре алмайды. Дизлайк саны тек видео авторына көрсетіледі.
Бұған қоса, дизлайк көрерменге платформаның видео ұсыну алгоритмдерін таңдауға көмектесетіні жазылған.