«Яндекс» компаниясының I тоқсандағы кірісі 45%-ға, яғни 37,3 миллиард рубльге өсті («Яндекс.Маркет» көрсеткішін есепке алмағанда). Компанияның кірісі жайлы «Ведомости» хабарлады.
Компанияның таза табысы аудиттелмеген қаржының нәтижесінде 49%-ға 6,2 млрд рубльге дейін өсті.
Мысалы, «Яндекс.Такси» қызметінің бірінші тоқсандағы табысы 145%-ға, 7,6 миллиард рубльге жетіп, «Яндекстің» жалпы кірісінің 20% құрайды. Медиақызметтің табысы 74%-ға, 734 миллион рубльге жетті. Жарнама қызметінің табысы 57%-ға, 1,1 миллиард рубльге, ал тәжірибелер мен басқа бағыттағы табыстардың көрсеткіші 218%-ға, 2,4 миллиард рубльге жетті.
«Яндекс.Радардың» дерегі бойынша, «Яндекстің» іздеу қызметінің былтырғы жылғы табысы 56,5% болса, биыл 57% дейін өскен. «Яндекстің» іздеу қызметінің Ресейдегі Android жүйесіндегі табысы 51,2%-ға дейін өсті. Былтырғы жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 46,3% еді.