Роскомнадзор: дене температурасы арнайы санаттағы жеке дерекке жатады

Ресейдің қадағалау органы ресми сайтында әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері және қонақтарына қатысты температураны өлшейтін тепловизорды қолдануға байланысты түсініктеме берді. 

Ведомствоның айтуынша дене температурасы бұл адамның денсаулық жағдайы туралы ақпаратқа жатқызылады. Сол себепті жеке деректердің арнайы санатына жатады. “Дербес деректер туралы” Федералдық заңның 10-бабының 2.3-бөліміне сәйкес мұндай деректерді еңбек заңнамасының аясында ғана субъектінің келісімінсіз өңдеуге болады. 

Ресей Федерациясының Еңбек кодексінің 88-бабына сәйкес жұмыс беруші, қызметкердің жұмыс істей алу мүмкіндігін көрсететін деректерді қоспағанда, қызметкердің денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат сұрата алмайды. 

Ауруды анықтау бойынша шаралар жұмыс істей алу мүмкіндігін анықтауға байланысты болғандықтан, қызметкердің температураны өлшеуге келісімі қажет емес.

Алайда, мекемеге кіре берісте дене температурасын өлшету керегі жайлы хабарлама болуы тиіс. 

Factcheck.kz