Ресейде әйгілі актерлардың «қатысуымен» дипфейк сериал түсірілді

Ресейде Киану Ривз, Джейсон Стэйтем және Марго Роббидің дипфейк-егізі ойнайтын веб-сериал түсірілді. Бұл туралы DTF хабарлады.

Әзіл-оспақ «ПМЖейсон» сериалының сюжеті бойынша Джейсон Стэйтем Ресейдегі бес жыл түсірілімінен кейін орыс ауылында тұрмақ болады. Ол 60 жасқа толғанда достары Марго Робби мен Киану Ривз оның мерейтойын тойлауға үйіне келеді. Сериалды “deepfake” технологиясы арқылы актерлардың бет-әлпетін ауыстырып, Голливуд жұлдыздарының бейнесін жасаған Agenda Media Group компаниясы түсірді. Agenda Media Group басшысы Алексей Парфунның айтуынша, адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келмесе, әртістердің бейнесін әзіл-оспақ не пародия жасау үшін пайдалануға тыйым салынбайды.

Контекст

Жақында британдық The Telegraph басылымы Брюс Уиллистің экранда пайдалану үшін өзінің дипфейк-егізін жасау құқығын сатқан алғашқы Голливуд жұлдызы болғаны туралы жаңалықты жариялаған. Алайда көп ұзамай бұл ақпаратты актер ұжымының өкілі жоққа шығарды.

Factcheck.kz