Ресей Apple компаниясына 12 млн доллар айыппұл салды

Ресей Федералды антимонополия қызметі (ФАС) Apple корпорациясына App Store бағдарламасындағы нарық бәсекелестігін шектегені үшін 906 299 392 рубль (12 миллион доллардан астам) айыппұл салды. Бұл іс Касперский зертханасының 2019 жылғы шағымынан кейін қозғалған. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Бұған Apple компаниясының Kaspersky Safe Kids-тің ата-ана бақылауын бағдарламадан негізсіз бас тартуы себеп болған. Сол кезде Федералды антимонополия қызметі Apple компаниясы нарықтағы бағдарлама арасындағы бәсекелестікке шектеу қойды деген тұжырым шығарған.

Сонымен қоса Федералды антимонополиялық қызмет өкілдері Apple компаниясын iPhone бағасын негізсіз көтерді деп айыптады. Кейін Apple корпорациясы нарықтағы iPhone-ның ескі құрылғыларын әдейі баяулатқандығын мойындады. Бұл жағдайдан соң Федералды қызмет Apple корпорациясын құжаттар базасынан App Store дүкеніндегі бәсекелестікке шектеу қоятын қосымша бағдарламаларды алып тастауға міндеттеді.

Американдық компания Федералды антимонополиялық қызметті құрметтейтінін хабарлап, алайда бұл сот шешімімен келіспейтінін жеткізді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz