Әл Жазира журналистеріне 280 мың доллар өтемақы төленеді

АҚШ-та Фергюсон қаласы (Миссури штаты) маңында орналасқан Сент-Чарльз әкімшілігі митиң кезінде Al Jazeera телекомпаниясының үш журналисіне көзден жас ағызатын газ қолданғаны үшін 280 мың доллар (шамамен 119 млн теңге) төлейді. Бұл туралы Nypost.com сайты хабарлады.

2014 жылы 9 тамызда Фергюсонда полиция қызметкері 18 жастағы қара нәсілді Майкл Браунды өлтіргеннен кейін наразылық акциясы өтті. Содан кейін, полиция көшеге шыққан наразылық білдірушілерді қатаң түрде таратуға тырысқан.

Оқиға орнынан ақпарат таратуға Al Jazeera тілшісі Аш-хар Курайши, продюсер Марла Чиховски және фотокорреспондент Сэм Уинслейд барған.

Полиция қызметкері Даррен Уилсонға қылмыс жасағаны үшін айып тағылған жоқ, бірақ 2014 жылдың қараша айында отставкаға кетті.

Әл Жазира журналистеріне 280 мың доллар өтемақы төленеді
Фото: apnews.com.

Журналистердің құқығын қорғаған заң фирмасының хабарлауынша, дәлел ретінде қолданылған видеода полиция мәлімдемесі жоққа шығарылған. Яғни, полиция дерегінше, наразылық білдірушілер арнайы күштерге бөтелке мен тас лақтырған соң көзден жас ағызатын газ қолданған.

Фирманың хабарлауынша, видеода көрсетілген аймақта наразылық танытушылар болмаған және бөтелкені полиция қызметкерлеріне ешкім лақтырмаған.

Сент-Чарльз округінің баспасөз хатшысының Мэри Энгердің айтуынша, арнайы күштер Al Jazeera тілшілерін байқамаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz