Meta интимді фотоны желіден өшіретін StopNCII.org сервисін іске қосты

Facebook, Instagram және WhatsApp желісіне ие Meta корпорациясы рұқсатсыз жарияланған интимді фото мен видеоны таратумен күресу үшін StopNCII.org сервистің іске қосылғаны туралы хабарлады.

«Егер әлдекім өзінің интимді фотосы Facebook немесе Instagram сияқты әлеуметтік желіде жарияланғанына алаңдаса, мұны жылдам анықтау үшін StopNCII.org сайтына өтініш бере алады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сіздің интимді фотоңыз желіде таралғанын/таралмағанын тексеру үшін StopNCII-де интимді фотоңыздың үлгісін хэш түрінде жүктеу керек. Платформа фото немесе видеоны құпия сақтап, қауіпсіздіктің талабын ескереді.

Сондықтан да тексерілген фотодан жинақталған хэшті бірден пайдаланушының құрылғысына жүктейді. Ресурс 18 жастан асқан қолданушыларға арналған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz