«Лето» фильмінің режиссері Кирилл Серебренников қамаудан босатылды

Ресейлік режиссер Кирилл Серебренников үй қамақтан босатылды. «Интерфакстің» хабарлауынша Мәскеу қалалық соты «Гоголь-центрдің» көркемдік жетекшісі ешқайда кетпеу туралы  қолхатқа қол қойған.

Осылайша, Мәскеу қалалық соты  Мещан сотының сәуірдің 2-cі шығарылған шешімінің күшін жойды. Мещан сотының шешімі бойынша Серебренников шілденің 4-іне дейін қамауда отыру керек еді.

Мәскеу қалалық соты «Седьмая студия» ісінің екі қатысушысын үй қамақтан босатты. Өнер және халық шығармашылығы мемлекеттік қорғау департаментінің бұрынғы жетекшісі, РАМТ директоры Софья Апфельбаум және  «Седьмая студияның» бұрынғы директоры Юрий Нитин ешқайда кетпеу туралы қолхатқа қол қойды.

Софья Апфельбаумды және Юрий Нитинді 2011-2014 жылы «Платформа» жобасына бөлінген 133 миллион рубльді жымқырды деген айып тағылды.  

Сотталушылар кінәсін мойындамады. Қорғаушының айтуы бойынша «Седьмая студияға» бюджеттен бөлінген қаражат түгелдей «Платформа» жобасының керек-жарағына жұмсалды. Жобаны жасау барысында қолма-қол есеп айрысты. Салдарынан тергеушілер шығынды қате есептеді.

Ақпанның басында сот жаңа қаржы сараптамасын жасатуға ұсыныс білдірді.

Ал, «Седьмая студияның» бұрынғы бас бухгалтері Нина Масляеваның ісі бөлек қарастырылды. Тергеу барысында тек Масляева кінәсін мойындап, алдын-ала келісім жасады және экс-әріптестеріне куәлік етті.

Кирилл Серебренников, ресейлік заманауи режиссерлардың бірі, қазіргі үкіметтің саясатын бірнеше рет сынады және наразылық акцияларына қатысты.  Осыған орай, бұл қылмыстық істе саяси мотив жатқаны жайлы түрлі пікірлер бар.

Серебренниковтың соңғы түсірілген  «Лето» көркем фильмі режиссер үй қамақта отырғанында аяқталып сол кезде жарық көрді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz