Қытайда мемлекет жайлы “жағымсыз” жазба жариялауға тыйым салды

Қытайда интернетте тек жағымды материал жариялауға рұқсат беретін заң күшіне енді. “Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін” жағымсыз хабарламалар үшін енді заң алдында жауап беруің мүмкін.

Заң қаңтар айынан бастап күшіне енді. Құқық қорғаушылардың мәліметтеріне сәйкес бір апта ішінде, коронавируспен күрес жөніндегі Қытай үкіметінің шараларын сынға алғаны үшін 250-ге жуық адам жазаланды.

Жаңа заң онлайн-контентті үш топқа бөледі: «ынталандыратын», «негатив» және «заңсыз».

«Ынталандыратын» контентке: 

  • Партиялық доктринаны тарату және түсіндіру
  • Партия жайлы жазу
  • Экономикалық және әлеуметтік жетістіктер жайлы жазу
  • Негізгі социалистік құндылықтарды тарату
  • Әлеуметтік мәселелер бойынша нұсқаулық дайындау
  • Басқа да жағымды және пайдалы материалдар жариялау

«Негатив» контентке:

  • Сенсация тақырыптар
  • Атақты адамдар туралы шамадан тыс өсек
  • Қайғылы оқиғаларға байланысты дұрыс емес пікір білдіру
  • Жыныстық қарым-қатынасқа ишара білдіру, сендіру, азғыру
  • Қан және қорқынышты жазбалар
  • Кемсітушілікке арандату
  • Дөрекі сөйлеу және жағымсыз мінез-құлық көрсету
  • Кәмелетке толмағандар еліктеуі мүмкін зиянды әдеттер немесе қауіпті қызмет жайлы материал
  • Ақпараттық онлайн-экожүйеге теріс әсер ететін басқа да жазбалар

«Заңсыз» контентке:

  • Конституцияда көрсетілген негізгі қағидаттарға қайшы келетін контент
  • Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, мемлекеттік құпияны жария ететін, ұлттық режимді және ұлттық бірлікті бұзатын жазбалар
  • Ұлттың ар-намысы мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жазбалар
  • Терроризм мен экстремизмді насихаттайтын контент
  • Этникалық жек көруді немесе кемсітуді көрсететін, этникалық бірлікке қауіп төндіретін контент
  • Дінге қатысты ұлттық саясатты бұзатын, ғибадат пен ырымшылдықты насихаттайтын контент
  • Тексерілмеген ақпарат тарату, экономикалық немесе әлеуметтік тәртіпті бұзу
  • Әдепсіздік, эротика, құмар ойындар, зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, террор немесе қылмысқа арандату
  • Басқаларды қорлайтын немесе жала жабатын, ар-намысына тиетін, басқалардың заңды құқығы мен мүддесіне нұқсан келтіретін контент
Factcheck.kz