Коронавирусты анықтауға арналған жедел тестен өтуге болады

Сәуірдің 13-інен бастап астананың және Алматы қаласының тұрғындары коронавирусты анықтауға жедел тестілеуден өте алады. Сынаманы «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасында тапсыруға болады.

Ол үшін:

  1. «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасының сайтына кіріп, арнайы сауалнаманы толтыру қажет.
  2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес іріктеме жасап, тізім құралады.
  3. «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасының қызметкерлері тізімдегі адамдарға қоңырау шалып, тестілеудің күнін және зертхана мекен-жайын хабарлайды.
  4. Зертханаға өзіңізбен бірге медициналық маска мен жеке куәлігіңізді әкелуді ұмытпаңыз.
  5. Вирус жұқтырып-жұқтырмағаныңызды анықтау үшін қан тапсырасыз.
  6. Тест нәтижесі сауалнамада көрсеткен электронды поштаға жіберіледі.

Тест тегін өткізіледі.

Factcheck.kz