Қазақстанда адам құқығы жөніндегі балалар комитеті құрылды

Адам құқығы жөніндегі балалар комитеті мүшелері – небәрі 8-16 жастағы оқушылар. Олар адам құқығын, конституция баптарын

Tiktok арқылы құқық пен Конституция баптарын қарапайым әрі жеңіл тілде түсіндіретін адам құқығы жөніндегі балалар комитеті құрылды. Бұл туралы Masa media хабарлады.

Адам құқығы жөніндегі балалар комитетінің мүшелері — 8-16 жастағы оқушылар. Олар көктемнің соңында «Қадір-қасиет» құқық қорғау қорының мектептердегі кибербуллиң мәселесіне қатысты өткізген байқауына қатысып, жеңіске жеткен. Жеңімпаз балалар 1 маусымда Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімовамен кездесті. Нәтижесінде уәкілдің қатысуымен адам құқықтары жөніндегі балалар комитеті құрылды.

Бүгінге дейін комитет мүшелері ішкі істер қызметкерлерінен сұхбат алған, құқық қорғаушылармен бірге Қазақстан Республикасы Конституциясын талқылап үлгерген.

Комитетке конкурстан кейін қабылдандым. Жеке тәжірибемнен балаларды тыңдайтындардың аз екенін білемін. Бірақ соның арқасында біз ересектер мән бермейтін дүниені байқаймыз. Маған адам құқығы мәселесімен айналысқан ұнайды және болашағымды осы саламен байланыстырғым келеді.

Інжу, 16 жаста

Балалар комитетінің мүшелері алдағы уақытта астана мектептеріндегі проблемаларға мониториң жүргізуді жоспарлап отыр.

Елдегі кез келген бала жаңа комитеттің жұмысына атсалыса алады. Ол үшін @humanrightsfocus.kz парақшасына өтініш жіберу керек.

Factcheck.kz