Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға қатысты мәлімдемеге пікір білдірді

Кеше Женевада өткен брифингте ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус короновирусты пандемия деп жариялаған еді. Осыған байланысты ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туиттер парақшасында пікір білдірді.

Президент “ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз” деп жазды.

“Азаттықтың” хабарлауынша Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 13 наурыздан бастап елімізде бұқаралық іс- шараларды өткізуге тыйым салынатынын мәлімдеді. Мерекелік, спорттық, ойын- сауық-мәдени іс- шаралар, сондай-ақ конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізу тоқтатылады.

Сонымен қатар Тоғжанов үйлену той, туған күн сынды жиындарды кең көлемде атап өтпеуге немесе басқа кезге ауыстыруға шақырды.

Премьер-министрдің орынбасары ҚР президенті нақты тапсырма бергенін хабарлады. Короновирусқа байланысты 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізілмейді. Орта білім беру ұйымдарында 16 наурыз – 5 сәуір аралығында демалыс жарияланды.

Factcheck.kz