Go Viral 2022: фестивальге тіркелу басталды

Алматыда жыл сайын өтетін Go Viral 2022 фестиваліне тіркелу басталды. Іс-шара 24-26 маусым аралығында өтеді.

Go Viral 2022: фестивальге тіркелу басталды

Фестифальге 60-тан астам сарапшы қатысады. Сонымен қатар, 6 панельдік пікірталас, 12 мастер-класс және 12 семинар өтеді. Бұған қоса, Ninety One, DAMU, Soul Note тобы және басқа да танымал әншілер өнер көрсетеді.

Фестиваль КИМЭП (Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институты) университетінде өтеді. Ал шараға қатысу тегін және мына сілтемеге өтіп, тіркелуге болады.

Биылғы фестивальдің тақырыбы —  “Іздеу. Ойлап табу. Мәселені шешу”. GoViral спикерлері медиа, бизнес, мәдениет және технология саласы бойынша жаңа мүмкіндіктерді талқылайды.

Go Viral фестивалі алғаш рет Алматыда 2017 жылы өтті. Кейін Орталық Азиядағы барлық бес елде өте бастады. Фестивальге 21 маусым сағат 23:59-ға дейін тіркелуге болады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz