Facebook-та жаңалықтар үшін ақылы бөлім пайда болуы мүмкін

Facebook-тың бас директоры Марк Цукерберг компания әлеуметтік желіде «жоғары сапалы жаңалықтар» үшін арнайы бөлім құруды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Tjournal агенттігі AxelSpringer баспасының басшысы Матиас Дёпфнер мен әлеуметтік желі жасаушының әңгімесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Сонымен қатар Цукерберг жаңа құрылған бөлімде материал жариялайтын басылымдарға ақы төлеуге дайын екенін айтты. Оның айтуынша, бұл бөлім «жаңалықтар контентін көбірек қалайтын» пайдаланушылар үшін қолайлы және компания «егер контентінің сапасы жоғары болса олардың қолжетімділігіне көз жеткізу үшін баспагерлермен тікелей байланыс» жасауға ниетті екенін білдірді.

Facebook басшысы жаңа бөлімді пайдаланушылардан ақы алынатын-алынбайтынын нақты айтпады. Десе де Цукербергке жақын дереккөздің мәліметі бойынша, қолданушылар үшін бұл бөлім тегін болмақ.

Сергей Ким
Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на телевидении и радио, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году. Возглавлял алматинскую редакцию проекта «Спутник-Казахстан», ведёт колонку медиакритики для проекта NewReporter.org