Facebook пен Instagram медициналық маскаларды жарнамалауға тыйым салады

Короновирустың өршуіне байланысты медициналық маскаларға сұраныс артуда. Сондықтан төтенше жағдай кезінде пайда тапқысы келетін алыпсатарлар қарқынды жұмыс істей бастайды.

Facebook пен Instagram желіде медициналық маскаларды жарнамалауға тыйым салады. Facebook-тің өнімдерді басқару бөлімінің басшысы Роб Летерн туиттер парақшасында:

«Біз Facebook пен Instagram-да медициналық маска сатуға арналған жарнамалар мен хабарландыруларға тыйым саламыз. Жабдықтар шектеулі, бағасы өсіп жатыр, біз адамдарға төтенше жағдайды өз мақсатында пайдалануға қарсымыз», – деп жазды.

Бұған дейін Facebook коронавирустан емдеуге немесе жұқтыруды алдын алуға уәде беретін жарнамаға тыйым салған еді. Осылайша компания тексерілмеген әрі қоғамда үрей тудыратын ақпаратпен күреспек.

Сонымен қатар, Facebook платформадан коронавирусқа байланысты “қастандық теориясы” айтылған жазбаларды да өшіреді. Instagram да коронавирус туралы хештегтер арқылы тараған жалған ақпаратты өшіреді.

The New York Times басылымы да коронавирусқа байланысты медициналық таратуда алгоритмдік жарнаманы өшірді. Себебі, вирус туралы мақаланың жанында респираторлардың жарнамасы пайда бола бастады. Соңғы зерттеулерге байланысты бұл респираторлар дәрігерлерге керек болғанымен, қарапайым адамды вирустың жұғуынан қорғамайды.

Factcheck.kz