Facebook COVID-фейктердің таралмауы үшін жаңа қызметті қосты

Facebook компаниясы COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күресін жалғастыруда. Енді пайдаланушы постты таңдамас немесе таратпас бұрын арнайы ескерту пайда болады. Бұл туралы The Verge хабарлайды.

Енді Facebook-та мақаланың, жазбаның алғашқы тарату күні және дереккөзді көрсететін қосымша экран пайда болады.

Компания «ақпаратты таратпас бұрын оның қаншалықты жаңа екенін түсінуге көмектесу» үшін жаңа функцияны енгізді. Сонымен қатар компания желі пайдаланушылардың ақпаратты тексерілген, сенімді дереккөзден алуын қамтамасыз еткісі келеді.

Facebook коронавирусқа қатысты қауіпті “қастандық теориялары” мен жалған ақпараттың дереккөзі болғысы келмейді. Сол себепті наурыз айынан бері компания платформаға көптеген өзгерістер еңгізді. Пандемияның басталғалы компания COVID-19 туралы тексерілген ақпаратты жаңалықтар лентасының басына орналастыра бастады.

Оқи отырыңыз:

Factcheck.kz