Еуропада Instagram мен Facebook жұмысы тоқтауы мүмкін

Meta Еуроодақтың деректерді пайдалану ережесіне байланысты Еуропада Instagram және Facebook жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Mashable сайты хабарлады.

АҚШ-тың бағалы қағаздар мен биржа комиссиясының жылдық есебіне сай, Meta компаниясының желілері Еуропада жұмысын тоқтатуы мүмкін. Еуроодақ заңнамасы еуропалықтардың жеке дерегін АҚШ серверінде қолдануын шектеп, құпия деректі қорғауға бағытталған. Қазіргі уақытта Meta Еуроодақпен дерек алмасу бойынша келісімге келе алмады.

Meta компаниясының болжауынша, 2022 жылы жаңа келісім жасалуы мүмкін. Бірақ Instagram мен Facebook Еуроодақ елдерінде жұмыс жасамауы мүмкін екенін де ескертті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz