Дуров телеграмда жаңа функция іске қосылатынын хабарлады

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы, Павел Дуров мессенджерде топтық видеоқоңырау жасауға мүмкіндік беретін жаңа функция жасалатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

«Біз мамыр айында Telegram-ды топтық бейнеқоңырау шалудың қуатты алаңын жасап, дауыстық чаттарға видеобақылауды қосамыз. Экранды бөлісу, шифрлау, шуды тоқтату сияқты функцияны жұмыс компьютері мен планшеттерге арнап жүйелі түрде іске қосамыз. Telegram желісінен қазіргі заман талабына сай жылдам әрі шифрлы видеоконференцияның сапалы үлгісін күте аласыздар», – деп жазды Павел Дуров өзінің Telegram-дағы ресми каналында.

Былтыр телеграм мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров биылдан бастап монетизация жасауға болатынын хабарлаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz