Цукербергті қызметінен босату ұсынысы сәтсіздікке ұшырады

Facebook-тің бірнеше акционері Марк Цукербергті компанияның директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен алып тастауға ұсыныс білдірді. Алайда, «Коммерсант» басылымының хабарлауынша мамырдың 29-ы директорлар кеңесінің мүшелері бұл бастамаға қолдау білдірмеді деп хабарлайды Daily Mail.

Акционерлер «Цукербергтің позициясын босату» мақсатында директорлар кеңесіне осыған ұқсас 7 түрлі ұсыныс білдірген. Ұсыныстардың ешқайсысы директорлар кеңесінен қолдау таппады. 

Осыған дейін Facebook-тің негізін қалаушылардың бірі Крис Хьюз Цукерберг АҚШ үкіметінде немесе жекеменшік секторына қарағанда әлдеқайда ықпал ете алатынын мәлімдеген еді. Хьюз мырзаның пікірінше “әлеуметтік желі монополиясын тоқтатып, Facebook-ті бірнеше компанияға бөлу керек”. Марк Цукерберг бұл ойды қолдамады. 

Басқа да ірі мессенджерлермен бірге Facebook те түрлі мемлекет басшыларының тарапынан сынға ілінуде. Компания жалған ақпарат тарату мәселесін жеткілікті қадағаламайтынын және желіні аудиторияға әсер ету үшін манипуляция құралы ретінде пайдаланады деп айыптайды.

Factcheck.kz