БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Украинадағы әрекеттерін айыптайтын қарарға дауыс береді

Украина халықаралық қауымдастықты Киев және бірнеше қалаға жасалған қанды зымыран шабуылдарын айыптауға, Мәскеудің елдің шығысы мен оңтүстігіндегі төрт аймақты аннексиялау талпынысын қабылдамауға шақырды. Бұл туралы Голос Америки хабарлады.

Ресей делегациясы Бас ассамблеяға кірген кезде артынан қан ізі қалады және бұл зал шіріген адам етінің иісіне толады.

Сергей Кислица, Украинаның БҰҰ-дағы елшісі

Сергей Кислица Украинаға кемінде 84 зымыран мен жиырмадан астам ұшқышсыз ұшақ атылғанын, салдарынан адам өлімі мен қирау болғанын айтты.

Энергетика нысандары, тұрғын үй, мектептер мен университеттер, музей мен қала орталықтары нысандардың бірі болды. Бүкіл әлем халқымызды өлтіріп жатқан террорист мемлекеттің шынайы келбетін тағы бір рет көрді.

Сергей Кислица, Украинаның БҰҰ-дағы елшісі

Арнайы шұғыл жиын Ресей референдумдары және Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын аннексиялау әрекетін талқылау үшін өткізілген. Дегенмен жиын кезінде Киевке жасалған әуе соққылары мәселесі басты назарда болды.

Жиын кезінде 20 ел сөз сөйледі. Оның ішінде Ресейден басқасының барлығы кейінгі шабуылдарды айыптап, кейбірі оны әскери қылмыс деп атады.

Ал Мәскеу өкілі дүйсенбідегі соққыларды сенбіде Қырымды Ресеймен байланыстыратын көпірде болған жарылысқа жауап деп мәлімдеді.

Біз мұндай әрекеттер салдарсыз қалмайтынын ескерттік. Осындай диверсияларды жасау, лаңкестік ұйымдастыру және өздеріне ұнамайтын шенеуніктер мен саясаткерлерді өлтіру арқылы Киев режимі өзін ең жексұрын халықаралық террористік ұйымдармен “бір қатарға қойды”.

Василий Небензя, Мәскеу өкілі

Украина көпір үстінде жүк көлігінің жарылуын арнайы қызмет жасағанын тұспалдағанымен, көпшілік алдында жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Бас ассамблеядағы пікірталас сәрсенбіде жалғасады. Тағы 45 мемлекет өз позициясын білдіру үшін сөз сұрады. Оның ішінде Ресейдің одақтастары Беларусь, Солтүстік Корея және Сирия бар. Ал БРҮҚО (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) мүшелерінің ішінен тек Қытай ассамблеяда сөз сөйлегісі келетінін айтты.

Дебат соңында АҚШ сөз алады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаны қолдайтын кез келгенін айтты.

Әлемдік қауымдастық президент Владимир Путиннің әрекетін мүлдем жол берілмейтін іс екенін ашық айтуы керек. Украинаны қолдайтын кез келді. Қазір қалыс қалудың, бейтарап болуды желеу етіп, тыныштандыратын сөздер немесе екіұшты мәлімдемелер айтатын уақыт емес. Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының негізгі қағидаттарына қауіп төніп тұр.

Энтони Блинкен, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы

Дебат соңында Ресейдің Украина территориясын аннексиялау әрекетін айыптау және қабылдамауға қатысты 193 ел дауыс береді.

Factcheck.kz