Беларусь оппозициясы 6 қыркүйекте президент Александр Лукашенкоға қарсы тағы да Минск орталығында жаппай наразылық акциясын өткізді. Олар 9 тамызда Беларусьте өткен президент сайлауының ресми нәтижесіне сенбейді. Сәлден кейін арнайы жасақ демонстранттарды ұстап, ұрып соқты. Беларусьте жаппай наразылықтың басталғанына төрт апта болды.
Демонстранттар Минск қаласының орталығында “Бірлік маршын” өткізді. Оқиға орнынан түсірілген фото мен видеода шамамен ондаған мың адам қатысқанын көруге болады.

Сурет: Reuters.
“Tut.by”, “Нехта” және басқа да медиада жариялаған видеода азаматтық киімдегі адамдар наразылық білдірушілерді ұрып-соғып, оларды ұстап әкеткен.
БАҚ-тың хабарлауынша, ұсталғандардың саны жүздеген адамға жетті. Милиция оларды наразылық акциясынан кейін ұстаған. Беларусь ІІМ өкілі Ольга Чемоданова “жүздеген адамның” ұсталғанын айтты. “Весна” құқық қорғау орталығының мәліметінше, Минскіде 190-нан астам адам қамалған.

Беларусь билігі әдеттегідей көшелерге тосқауыл қойып, қала орталығында орналасқан метро станцияларының жұмысын тоқтатты. Куәгерлердің айтуынша, демонстрация алаңында мобильді интернет жұмыс істемеген. Беларусь А1 компаниясы (ұялы байланыс операторы және провайдер) интернеттің “уәкілетті мемлекеттік органдардың бұйрығына сай” шектелгенін айтты.

Наразылыққа шыққандар бұған дейінгідей Александр Лукашенко жұмыс жасайтын Тәуелсіздік сарайына келді. Бірақ сарай қорғауға алынып, қарулар арасында су атқыштар да болды. Адамдар Тәуелсіздік сарайында бірнеше сағат тұрды. Наразылық білдірушілердің бірі қоршау қалқандарына ұран жазуға тырысты. Полиция оған қарсы газ қолданды.

TUT.by сайты арнайы бағдарламаның көмегімен наразылық білдірушілерді санап, шамамен 100 000 адам шыққанын жазды.

Осыған ұқсас акциялар Беларусьтің басқа қалаларында да өтті: Брест, Гомель, Гомилев, Молодечно, Бороновичи.

“Нехта” мәліметінше, Гроднода полиция наразылық білдірушілерге тосқауыл қойып, демонстранттарға қарсы көзді жасаурататын газ қолданған. Телеграм арналар жариялаған видеода адамдар жөтеліп, “Газ!” деп айқайлап беттерін жапқан.
Контекст
Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда жарияланған ОСК (Орталық сайлау комиссия) мәліметі бойынша, сайлауда 80% – дан астам дауыс жинаған қазіргі президент Лукашенко жеңіске жетті. Оның басты қарсыласы Светлана Тихановская шамамен 11% дауыс жинады. Ал ертесіне Литваның Сыртқы істер министрі Линас Линкявичус “Тихановскаяға еш қауіп жоқ, ол Литвада” деп хабарлады.
Лукашенконы қайта сайлануымен бірінші болып Қытай президенті Си Цзиньпин және ТМД елдерінің басшылары құттықтады. Қазақстан президенті Қ.Тоқаев “Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан сайлаудың қорытындысы халықтың қолдайтынын көрсетті” деп Лукашенконы құттықтады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.