Әзірбайжанда сарапшылар қатты сынаған “Медиа туралы” заң қабылданды

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев медиаға шетелден қаржы алуға тыйым салатын, журналистер жеке ақпаратын бір тізімге біріктіретін жаңа заңға қол қойды. Заң жобасы жеті ай қоғамнан жасырын даярланған. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Заңның 26 және 74 баптарына сай, жоғарғы білімі жоқ, еңбекке жарамсыз және ауыр және “қоғамға қарсы” қылмыс жасап сотталып шыққан адамға медиада қызмет етуі тыйым салынады.

Сонымен қатар, саяси партияларға тек баспасөз медиасын құруға рұқсат етіледі. Бұдан бөлек жергілікті медианың шетелден қаржы алуға құқығы жоқ.

Сарапшылардың пікірінше, бұл заң елдегі журналистердің жұмысын қиындатады.

Заңға сай, бұқаралық ақпарат құралдары журналистің жеке куәлік нөмірін, мекен-жайын, қызмет келісімшарты мен салыққа қатысты дерегін, білімі туралы анықтама, сотталмағанын растайтын құжат және жұмыс орнындағы барлық қызметкердің байланыс нөмірін реестрге тіркеуі керек (73 бап).

Заңгер Алескер Мамедлидің айтуынша, заңға қайшы қатаң талаптар журналистер тарапына қысым көрсетілуіне себеп болуы ықтимал.

Тәуелсіз журналистер, құқық қорғаушылар мен белсенділер заңның қабылдануына қарсы болып, қайта қарауды талап еткен. Жаңа заңға қарсы наразылық акциясына полиция кедергі келтірген. Бұған қоса журналист Наргиз Абсаламова митиң кезінде жарақат алды.

Жаңа заңды парламент қабылдамас бұрын “Шекарасыз репортерлер” халықаралық құқық қорғау ұйымы (RSF) сынаған еді. Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша RSF филиалының басшысы Жанна Кавельенің айтуынша, билік журналистерді бақылауға алу үшін және цензураны заңдастыру мақсатында аталған заңды қабылдады.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz