«Ахмат» футбол клубы Google-ды сотқа берді

Ресейлік «Ахмат» футбол клубы YouTube каналының бұғатталуына байланысты Google компаниясын сотқа берді. Ресейдің байланыс, ақпараттық технология және бұқаралық коммуникацияны бақылау қызметі (“Роскомнадзор”) үшінші тарап ретінде сотқа қатысады. Бұл туралы Interfax.ru сайты хабарлады.

«Ахмат» футбол клубы бұл процеске спорт және әлем қауымдастығын барынша тарту қажет деп санайды. Сонымен қатар, Біріккен ұлттар ұйымын АҚШ тарапынан “қысым болып жатқанына” бейжай қарамауға шақырды.

Контекст

  • «Ахмат» клубының YouTube арнасы биыл қаңтарда бұғатталған. Бұған АҚШ-тың Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа және оған қатысты ұйымдарға енгізген санкция себеп болды. АҚШ билігі Қадыровты адам құқығын бұзды деп айыптаған. Санкция тізімінде «Ахмат» клубы да болды.
  • Сонымен қатар, санкция тізіміне аралас жекпе-жектер өткізетін Absolute Championship Akhmat промоутерлік компаниясы, «Ахмат» ММА күрес клубы және басқа да бірқатар ұйымдар енді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz