Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталды

Алматы қаласында Covid 19 вирусының 10 ошағы анықталды. Бұл жайлы StopCov Almaty телеграм каналы хабарлайды.

Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталды
  • Алмалы ауданы- 3;
  • Медеу ауданы – 3;
  • Түркісіб ауданы – 2;
  • Жетісу ауданы – 1;
  • Алатау ауданы -1;

Барлық ошақтарда коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша медицина қызметкерлері ошақ аймағындағы барлық адамдардың жағдайына мониторинг жүргізуде.

Осыған дейін Алматы қаласында “Сұңқар” тұрғын үй кешені және жанындағы үш үй карантинге жабылған еді.

20 наурыздағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 49 адам короновирус жұқтырған. Оның 25-і астанада, 22-сі Алматы қаласында, 2-еуі Қарағанды қаласында.

Factcheck.kz