Айлакерліктің жаңа түрі пайда болды

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлады: банктің мобильді қолданба пайдаланушыларына мүлік және көлік салығын төлеу қажет екені туралы жалған хабарламалар келіп жатыр.

Комитет шынайы хабарламалар үш жолмен жіберілетінін еске салады:

  • хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
  • салық төлеушінің ресми сайттағы жеке кабинетіне;
  • ресми мобильді қолданба арқылы.

Хабарламаның фейк екенін қалай анықтаймыз?

Хабарламаны жіберуші туралы деректің дұрыс не қате жазылуынан ажыратуға болады. Мысалы, «ҚР салықтары» АҚ»; мүлік салығын дұрыс төлеген кезде Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетілуі керек. Мүлік салығы — жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша, ал көлік салығы — салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі.

Сонымен қатар салықтарды төлеудің белгіленген мерзімдері бар: көлік салығы 1 сәуірден, мүлік салығы 1 қазаннан кешіктірілмеуі қажет. Сәйкесінше оған қатысты хабарламалар да осы мерзімге дейін жіберіледі.

  • Есептелген салық сомасын «kgd.gov.kz» сайтынан және «E-salyq Azamat» мобильді қолданбасынан, сондай-ақ Homebank, Kaspi.kz мобильді қолданбаларынан білуге болады;
  • Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін «e-Salyq Azamat» мобильді қолданбасы арқылы тексеруге болады;
  • Салық органының барлық есептеуі және төленген салық сомалары салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Осыған байланысты анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша жүгіне алады.
Factcheck.kz